0 дауыс
626 көрілді
Мектепте оқушыларды 10 сыныпқа келгенде жаратылыстану және гуманитарлық бағыт болып екіге бөлінеді өздерінің таңдауы бойынша. Егер 3 сыныптын біреуі гуманитарлық бағыт қалған екі сынып жаратылыстану бағыт болса бірақ  екі сыныптан 14 және 16 оқушы болса гуманитарда 18 оқушы. Жаратылыстану бағыттағы екі сыныпты бірге қосып оқуы керекпе. Екі сынып комплексті етуге болмайма? Оқушылар өз клас комплектімізде оқимыз екі сынып қосылып бір сынып болмаймыз деуге құқылыма? Оқушы құқығы қандай?

1 жауап

0 дауыс
Оқушылардың құқықтары:

Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;

Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен  курстарын таңдауға;

Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;

Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;

Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;

Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;

Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.

Ұқсас сұрақтар

...