+1 дауыс
2.1k көрілді
Сұрақ?

Неге оларды “5 арыс” және неге “3 бәйтерек” деп атады?

2 жауап

0 дауыс
Бес арыс деп ел есінде қалған ақын-жазушыларымыз, қазақ ұлтына үлкен еңбегі сіңген қоғам қайраткерлерін айта аламыз. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жазса, енді бірі тұңғыш қазақ әдебиетіне роман деген ұғымды алып келді. Өзінің өмірін «Мұтылғанның өмірі» деп, қазақ әдебиетінде, алаштың тарихында ұмытылмай мәңгі қалған Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақтың жарық жұлдызы. Өз ұлтының жалындап тұрған жастарына берік, кәміл сеніп кеткен Мағжан Жұмабаевтың бес арыстың бірі болуы кездейсоқ емес деп білеміз. Қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі болып есептелетін, қазақ қыздарының қиын тағдырларын ашық, дәл жеткізген Жүсіпбек Аймауытов жеке-дара бір бөлек тұлға. «Оян, қазақ» деп айды аспанға бірақ шығарған, халқының оянуын қалаған, отты жырларымен халық жадында мәңгі қалған Міржақып Дулатұлы. Қазақ тіліне үлесін қосқан, қазақ әліпбиін алғаш енгізген, қазақ әдебиетіне, мәдениетіне жаңалық ашқан Ахмет Байтұрсынұлының сіңірген еңбегі зор. Бұл қоғам қайраткерлері, ақын-жазушыларымыз біздің жүрегімізде, әдебиетімізде, мәдениетімізде, тарихымызда мәңгілікке қалары сөзсіз.

Қазақта «үш», «жеті» деген сан киелі. Бұл сандарға байланысты көптеген ырымдар бар. Осыған байланысты, «үш бәйтерек», «үш қоңыр» деген ұғымдар тарихымызда қалған. Қазақ «үш бәйтерек» деп халқымыздың ұлы ақын-жазушыларын бәйтерекке теңеген. Сонау Көкшетаудың сұлулығын еңбегіне арқау еткен, Сәкен Сейфулиннің өзін бір төбе қылып, кедей халықтың жоғын жоқтап, мұңын қосқан Бейімбет Майлиннің, қазақ халқының ата-дәстүрі болып табылатын, қазақтың күйінің әуезділігін, қадір-қасиетін тілге тиек етіп, сырларын сипаттаған Ілияс Жансүгіровті үш бәйтеректің бірі деген. Үш бәйтерек біздіңше, үш алып. Әркімнің өзінің қазақ әдебиетінде алатын орны бар. Бұл үш ақын мен жазушының әрқайсысының шығармалары, жазу стилі бөлек болғанмен, негізгі ойы бір, ол – еліне кішкене болсын пайдасын тигізу. Бұл үш алыптың «үш бәйтерек» деп аталуының өзінің де бір себебі бар. Бұл үш ақынның да кіндік қаны тамған жері – қазақ жері. Үш бәйтерек.... Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат-парқын, арман-аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл.

Қазақ – ырымшыл халық. Соған байланысты ұғымдар да, ырым-тиымдар да пайда болған. Қазақта үш қоңыр деген ұғым бар. «Қоңыр»деген сөз киелі ұғымды білдіреді. Дана халқымыз әдемі дауыс иесін «қоңыр дауысты» деп мақтаған. Қазақтың киелі аспабы қобыздың дауысы «қоңыр үнді» деп, халықты өзінің қоңыр үнімен елітіп әкеткен. Қоңыр ұғымына байланысты тек музыкаға қатысты емес, сонымен қоса, әділдікті жақтаған, даулы мәселелерде өздерінің даналықтарымен, көрегенділіктерімен халықтың есінде мәңгі қалған атақты үш биімізді де «үш қоңыр» деп атап жүрміз. «Тура биде туған жоқ» деп, билердің кесімді шешімдерімен, ұтымды ойларын қалай ғана дана халқымыз бір мақалмен суреттеген десеңізші! Бір ауыз сөзге тоқтаған дана халқымыз билерді әрқашан көкке көтерген. Қаз дауысты Қазыбек биді, Төле биді, Әйтеке биді қазақ халқы «үш қоңыр» деп атап кеткен. Талай қиын замандарда, өздерінің өткір тілдерімен, тұшымды ойларымен, даналықтарымен көрегенділіктері арқылы ел саясатындағы мәселелерді шешіп отырған. Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Ал осы үш бидің ішінде, қастықпен қаза тапқан, жаман дертпен ауырып, бұл дүниемен қоштасқан Әйтеке би еді. Өз өмір сүрген заманында, халқының қиыншылығын көргісі келмеген атақты би, көреген, дана би осылайша қаза табады.

Қорытындылай келсем, бес арысымыз, үш бәйтерегіміз, үш қоңырымыз қазақтың жүрегінде қанша заман өтсе де қалары хақ. Себебі олардың жүріп өткен жолы, салып кеткен дара жолы мәңгі жарқырап тұрары анық. Олардың енгізген жаңалығы, олардың еліне, жеріне деген махаббаты мәңгілік.
0 дауыс
Бес арыс деп Алаш партиясының қайраткерлерін айтады . Олар:

Ахмет Байтұрсынұлы

Мағжан Жұмабаев

Міржақып Дулатұлы

Жүсіпбек Аймауытов

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ұқсас сұрақтар

...