0 дауыс
Оразаның 1-ші күнінде ниет етіп жатып ауыз бекітпей ұйықтап қалса оны ертесіне бекітуге және 1-ші күнді қарыз ретінде ұстауға бола ма?
02.04.2022
санатын ауыстырды 1.3k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Егер ораза ұстауға ниет етіп, сәресіге ұйықтап қалса, ештеңе ішіп жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Сәресі ішу – парыз емес. Бірақ, сәресінді жіберіп алмауға тырысқан жөн. 

Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресінде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресінді тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешірім тілейді делінген. Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады.

https://kaz.nur.kz/health/1492166-orazada-saresige-uyyqtap-qalsa-ne-ist/

02.04.2022
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы