0 дауыс
246 көрілді
"Бірлік туы" газетінде, қандай мәселелер қозғалды?

1 жауап

0 дауыс

Қазақ журналистикасы тарихында ұлттың бірлігін, атамекен тұтастығын қорғаған ұлттық биресми басылымдардың дүниеге келуін сол кезде елде орын алған саяси оқиғалардан бөліп қарастыруға болмайды. Өйткені олардың пайда болуының өзі сол жағдайлармен тығыз байланысты. Саяси өзгерістерден бейхабар халық үшін елдегі оқиғаларды саралап  түсіндіретін, хабар беретін көзі керек болатын. Қазақ мерзімді баспасөз тарихында ұстанған бағыттары мен мақсат-мүдделері бір арнаға тоғысумен ерекшеленетін,  тарихтары мен тағдырлары ұқсас көптеген басылымдардың зерттеліп, ғылыми айналымға енуі қуанарлық жайт. Бейресми басылымдардың ішінде «Бірлік туы» газетінің де өзіндік орны, көтерген мәселелерінің күнделілігі жағынан салмағының бар екендігі анық.

«Бірлік туы» басылымы толыққанды зерттеу жүзін көрмегенмен,  ол туралы азды-көпті мағұлмат беретін еңбектер баршылық. Алғашқы мәліметтерді «Қазақ» газетінен кездестіреміз. Аталған басылымда мұғалім Уәлихан Ғұмарұлы деп қол қойған автордың: «Ташкенттегі» «Ықтият» союзын ашқан жастар «Бірлік туы» деген серіктік тағы ашып отыр. Мақсаттары: осы серіктік ақшасы атынан «Бірлік туы»  деген бір газет шығармақ. Серіктіктің ағзалық хақы 10 сом. Газеттің жылдық хақы 5 сом.

«Бірлік туы» газетін шығаруышылыққы әзірге ұйғарған кісісі учитель Садық мырза Өтегенов.  Егер серіктіктің пұлы көбейіп кететін түрі білінсе, қаламының шеберлігімен танылып жүрген марзаларымыздың бірін шақыруға да ойсыз емес. Серіктік жалғыз газеттен ғана тұрмай, әдебиет-матғұбат жағында қызмет етіп, халық арасында бұларды көбірек татуға һәм халықтың басқаша  жетілу жолдарына қызмет етуге тырыспақ/1/,- деген ақпараты жарияланыпты.  Осы шағын хабар – ошарында Уәлихан Ғұмарұлы: «Бұл серіктікті ашуға себеп бұл кұнде Ташкентте шығарып тұрған Көлбай Тоғысовтың «Алаш» деген газеті бар. «Алаш» газетінің шыққаннан бергі халыққа жақсы пайдалы бір жол көрсете алмауы»- деп газеттің шығу себебін өзінше түсіндіреді.

«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 236- санында жарияланған. Онда: «Бірлік туы» атты қазақ газетінің 1 һәм 2 нөмірлері басқармамызға келді. Шығарушысы: Мұстафа Шоқай баласы. Газет жетісіне бір рет шығады. Жылдық хақы 5 сом, жарты жылдағы 3 сом, үш айлығы  1 сом 70 тиын. Баспасөздің ең керек уақытында көтерілген «Бірлік туына» құтты болсын айтамыз. «Бірлік туы» алаш ұранына жала жапқан марқұм «Алаш» газетіндей болмай, қазақ-қырғыздың шын қызметкері, шын жолбасшысы болуына тілектеспіз һәм солай деген үміттеміз. «Бірлік туының» адресі:г. Ташкент, ред. Газ. «Бірлік туы»/2/,- деп хабар береді.

 «Бірлік туы» газетінің жарыққа шығуын Ташкентте басылып тұрған «Туркестанский курьер» газеті деп қуана хабарлайды. «Обращение к казакам - киргизам» тақырыбымен жарияланған үндеу сол жайынан сыр шертеді: «Осебенно нам неустроенному хоть как-нибудь киргизскому народу нужны напячь весь нашу сил для защиты своих интересов. Успехов возможны при единение и единоглати всего шашего народа нужны, что требует момент от каждой нации. Для этой цели в Ташкенте организовано киргиз- казакское издательское творчество под казакхцем  «Бирлик туи» которые начало издавать газету «Бирлик туи». Мы этого ждали давным-давно, но откладывались возможности»/3/.

С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» тарихи-мемурлық романынада да «Бірлік туы» туралы қысқа мәлімет беріледі. Онда: «Түркістан алашшыл оқығандары Ташкентте «Бірлік туы»деген газет шығарып, «Алашты»ұран қылып, советті сөгіп тұрды»/4/,- деп жазылған. Осы жерде автор «Бірлік туы», «Жас азамат», «Үш жүз», «Тіршілік» газеттерінің керекті нөмірлерінің қолына түспегендігін тілге тиек етеді. «Әлеумет тархына қарағанда, 1917-1918 жылғы саяси күрестің зор майданындай ұлы дүбірлерде оқыған адамдардың бәрі де сол заманда шығып тұрған газет, журналдардың айналасына жиналмақ. Егерде әлеумет қатысқандар маңайындағы газет, журналдардың бағытына риза болмаса, өздері бөлек газет, журнал шығарып, майданға шықпақ», -деген С.Сейфуллиннің сөзінде шындық бар. Ниеттері бір Алаш азаматтары «Айқап» журналы мен «Бірлік туы», «Қазақ» газеттерін өз пікірлерін ашық білдіретін мінберге айналдырғанын мұрағат материялдары растайды.

Бұл аталған басылымдар ХХ ғасырдың басындағы ұлт өмірінің ажырамас бөлігі еді. Қазан төңкерісіне дейінгі, сол кезеңдегі, содан кейінгі қазақ халқының өмірі туралы, елдегі қалыптаса бастаған саяси ахуалдар туралы, большевиктердің билік тұтқасынан айырылып қалмау үшін жасап отырған іс-әрекеттері, елге төніп отырған қауып-қатерлері жөнінде шынай фактілерді арқау еткен жарияланымдардың құны айрықша. «Бірлік туы» газетінде жарық көрген «Түркістан автономиясы»/5/, «Екә талай күндер»/6/, «Мемілекет халі»/7/, «Қазіргі күй»/8/ атты мақалалар.

Уфадағы Ғалия медресесінің шәкірттері жолдаған үндеуде: «Береке, бірлік қалып, адамшылық ойласаң, адам болатын шағың жетті! Алтыбақан алауыз болып бөлінсең, жоқ болатын уақытың жетті! Кейінгі үрім-бұтақ, қара қазан сары баланың қамын ойлайтын уақыты осы!», - депайтылғандай, сол уақыттың шындығын алдымызға жайып салады.

«Бірлік туы» газетінің ерекше атап айтар бір бағыты бірлікті ту ету болды. Ол түркістан автономиясын құруды қолдағанынан да айқын байқалады. Бір шоғыр зиялы қауымның ұйытқысы бола білген басылым ұлтты тәуелсіздік пен тұтастықтың жолына жұмылдыры білді. Өткенін екшеп, болашағын болжап, бағыт-бағдарын нақтылап, ұлт бостантығын баянды ету мәселелері басылым беттеріндегі жарияланымдардан анық көрініс тапты.

Қорыта келгенде, «Мерзімді басылым тарихын, әсіресе, ұлттық баспасөз тарихын, бүгінгі күн талабына сай, ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау төл тарихымызды толықтыра түсері, оларды тарихи дерек көзі ретінде пайдалану бұралаңы мол ХХ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек зерттеуге мүмкіндік берері анық. Өйткені, ел тарихының жазба деректер тобына жататын мерзімді басылымдардың, оның ішінде ғасыр басында дүниеге келіп, бірі қысқа, бірі ұзақ өмір кешкен бейресми, ұлттық бағыттағы демократиялық басылымдардың ұлт тарихына байланысты берер мәліметтері, жеткізер деректері мол» /10/,- деген тарихшы ғалым Қ. Атабаевтың тұжырымын толық қолдаймыз. Осы бағытта зерттеу жұмысын жандандыру алдағы мақсатымыз болып табылады.

  ***

  ***

  The article is about the history of the «Birlik tuy» newspaper creation. This newspaper was issued in the beginning of XX century. As a scientific base of research, the historical items of information and actual material were taken. The author spends a parallel of the thematic and genre decision of national independence and freedom in the magazine questions in the «Ayikap» «Kazak» and «Birlik tuy» magazines.

ӘБДІРАЗАҚОВА Аякөз  Қожамырзақызы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, магистр- аға оқытушы



Источник: https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8735/
© e-history.kz

Ұқсас сұрақтар

...