0 дауыс
721 көрілді
Квнға 4 кун калды катты керек

1 жауап

0 дауыс
Бір күні Қожанасыр досының үйіне қонаққа келіп, қайтайын деп жатқан кезде жаңбыр қатты құйып кетіпті.
Досы:Қожеке ,біздің үйде түней тұрсаңшы, жаңбырдың астында қаларсың. -деген ғой

Қожекең келісіп, жаңбыр жауғанына қарап тұрайын дейді.
Досы үйіне кіріп кетіп , біраздан соң шықса Қожекең үсті басы су су болып келіп тұр екен .
Досы : қайда барып келдің ?десе,
Кожанасыр: үйге барып ,бәйбішеме сенің үйіңде түней тұратынымды айтып келдім. -депті.

Дәрігер науқасқа:
— Сіздің құрттаған тістеріңізді емдеу үшін, мына алтын тісіңізді жұлу керек.
— Неге?
— Енді, емнің ақшасын кім төлейді?

Бір кісі дәріханаға келіп былай деп сұрайды:
- Сізде Ацетилсалицил қышқылы бар ма?
- Аспирин ба? Иә, бар.
- Иә, иә, аспирин беріңізші. Атын ұмытып қала берем.

Жұмысшы бастығына келіп: «Шұғыл түрде менің жалақымды көтеріңіз. Әйтпесе менің соңымнан қалмай жүрген фирмалар бар, мені таппай қалуыңыз мүмкін» дейді. Бастығы «Ол қандай фирмалар?» - деп сұрағанда, жұмысшы қалтасынан пәтер шығындарының квитанциясын шығарып: «Электр энергиясы фирмасы, газ фирмасы, су фирмасы, қоқыс шығару фирмасы т.б.» деген екен.

— Жақан! Ә, Жақан! Ағаңның жасы сенен үлкен бе еді, кіші ме еді осы?

Аулада ойнап жүрген балалар бір-біріне әкелерінің өте жылдам екенін айтып мақтанып отырады. Біреуі: «Менің әкем садақ атса, нысанаға ұшқан жебеден бұрын жетіп барады» дейді. Екінші бала: «Сол да сөз боп па? Менің әкем тапанша атып, оқтан бұрын нысанаға жете алады» дейді. Сонда үшіншісі: «Ал менің әкем жұмыс уақыты 5-те біткенімен сағат 3-те үйде отырады»,- деген екен.

Қожанасыр бір күні кілтін жоғалтып алады. Бақшада іздеп жүргенінде әйелі:
– Кілтті қай жерге түсіріп алған едіңіз?-деп сұрайды. Қожа:
– Қай жерге түсіргенімді білсем іздеп жүрер медім?- депті.
...