0 дауыс
1.3k көрілді
Егер баланың жасаған күнәларының ата - анасының берген тәрбиесіне еш қатысы жоқ болса жасаған күнәлары өз басына жазыла ма әлде кешіріле ме?

3 жауап

0 дауыс
Біреудің күнәсін біреу көтермейді. Егер харам затқа жұмсаса (ұрлық жасауға, араққа және т.б.) сол үшін жауап береді.

0 дауыс
егер балиғат жасына толмаса күнәсі жазылмайды. Ал балиғат жасына толып, күнә жасаса жазылады. Бірақ кешірілуі мүмкін.
+1 дауыс

Шариғат бойынша ұл балалар 12, қыз балалар 9 жасқа толғаннан соң, еркектік және әйелдік белгілері көрінгеннен бастап, ұлдар ержеткен, қыздар бойжеткен болып саналады. Егер аталған жастарда белгілері көрінбесе, онда еркек те, қыз да 15 жасында балиғатқа толады. 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай деген: «Үш адамға қалам жазылмайды (яғни мына үш адам жауапқа тартылмайды): балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатқан адамға» (Бұхари). Демек бала үшін айтылған «қалам жазылмайды» деген ұстаным балиғат жасынан бастап өз үкімін жояды. Сондай-ақ балиғат жасына толған балаға бес уақыт намазын үздіксіз оқу, Рамазан айында толық ораза ұстау, қаражаты жеткен жағдайда зекетін беру, қажылыққа бару – парыз.

Источник: fatua.kz , muftyat.kz

...