+1 дауыс
11.7k көрілді
Толығырақ мәліметке ЖАҚСЫ ЖАУАП сыйлық!!!
Сабаққа бармасаң канша тенге колеминде штраф салынады

1 жауап

+2 дауыс
*Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы кәмелетттік жасқа толмағандардың құқықтары мен міндеттері*

*Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушылардың (сотталушылардың) құқықтық қорғау мәселелерінің үлкен маңызы бар. Кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылардың психикасы мен жасының ерекшеліктерін ескеріп, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1985 жылы «Пекиндік Ереже» деген атпен белгілі «Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының минималды стандартты Ережелерін» бекітті, ол әрбір елдің заңдарында ескерілуі тиіс және осы санаттағы істерді тергеу және сот талқылауы барысында қолданылуы керек.
Осы Ережелерде мазмұндалған ұсыныстарға байланысты, қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізу тәртібінде мұндай тұлғалардың жас ерекшеліктері мен құқықтық жағдайы ескерілген. ҚР ҚІЖК 11-бөлімінің нормалары кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен мүдделерін корғауға, сотта жүргізудің тәрбиелік ықпал етуін қамтамасыз етуге бағытталған және кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізуде қолданылатын ерекше ережелерді көздейді. Оларда кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қосымша кепілдіктер мазмұндалған, сондықтан іс жүргізу әрекеттерін реттейтін жалпы нормаларды ауыстырмайды, тек толықтырады. Бұл нормалар қылмыс жасаған сәтте 18 жасқа толмаған адамдардың істеріне қолданылады.*
Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстары туралы істерді қозғаудагы прокурорлық қадағалау, анықтау, алдын ала тергеу органдарының және соттың заңдылықты тура орындауы мен сақтауына кепілдік болып табылады.Кәмелеттік жаска толмағандардың істері бойынша тергеуші іс жүргізген кезде:
— тергелушінің жасы (туғанжылы, күні, айы); кәмелеттік жасқа толмағанның тура жасы туу туралы куәлікпен немесе төлқұжатпен расталуы тиіс. Мұндай фактіні анықтау бұл тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту, оған қандай жаза шарасын қолдану туралы мәселелерді дұрыс шешу үшін қажет. Іс материалдарына кәмелеттік жасқа толмағанның жасын растайтын құжат көшірмесі қоса тіркеледі. Адам 14,16,18 жасқа туған күні емес, туған күнінен кейінгі тәуліктік нөл сағатында толады деп есептеледі.
Кәмелеттік жасқа толмағанның жасын айқындайтын құжаттар болмаған жағдайда немесе олардың түп нұсқалылығына күмән келтірілген жағдайда, жас мөлшерім анықтау үшін ҚІЖК 240-бабының тәртібімен сараптама тағайындалады. Дегенмен сот медициналық сараптамасы кәмелеттік жасқа толмағанның жасын тура анықтап бере алмайды. Соттық тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, медициналық сараптамасы тексерілушінің дене бітімі мен интеллектуалдық дамуына қарап, оның жасын шамалай анықтайды, мысалы, «тексерілушінің жасы (аты-жөні көрсетіледі) 14—17 жасқа сәйкес келеді». Мұнда қылмыстық қудалау органдары сараптамада болж*анған жасты ескереді. Ал жылдың соңғы күні, яғни 31 желтоқсан туған күні болып есептеледі.
— тұлғаның еркі, интеллектуалдық және психикалық даму деңгейі; кәмелеттік жасқа толмағанның жеке басын зерттеу барысында жасты анықтаумен катар, оның жалпы даму деңгейін, яғни нақты жағдайға бейімделуін, өз тәртібін ақылмен баға беруі мен өз әрекеттеріне басшылық етуін анықтаудың маңызы зор. — мінез-құлығының ерекшеліктері, оның сұранысы мен қызығушылықтары; заңда істі тергеу процесінде сотты прокурорды, тергеушіні және анықтау жүргізуші тұлғаны әрбір іс бойынша кәмелеттік жасқа толмағанның өмірі тәрбиелену жағдайын анықтауға, сондай-ақ қылмыс жасауға әсер еткен себептер мен жағдайларды айқын міндеттейді. Оны кәмелеттік жасқа толмағандардың іс бойынша кез келген жауап алу кезінде ескеру қажет.  —тергелудегі адамға ересек адамдар мен басқа кәмелеттік жасқа толмағандардың ықпалының қандай екенін анықтау; кәмелеттік жасқа толмағандардан, сондай-ақ куәлер мен жәбірленушіден жауап алған кезде олардан айыпталушыға теріс ықпалын тигізетін қандай мән-жайларды білетіндіктерін анықтау керек. Ол үшін тергеуді қадағалайтын прокурор тергеушіден, кәмелеттік жасқа толмағанның ата-аналарынан, қорғанушыларынан, қамқоршыларынан, мұғалімдерінен, сынып жетекшілерінен, тәрбиешілерден, шеберлерден, көршілерінен, жолдастары мен жасөспірім қатарластарынан, сондай-ақ оның өмірі мен тәрбие жағдайын жақсы білетін басқа адамдардан міндетті түрде жауап алынуын талап етуі тиіс.

*Кәмелеттік жасқа толмағандардан жауап алу ерекшеліктері*


Кәмелеттік жаска толмаған күдікті, айыпталушы тергеушіге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері арқылы, ал олар болмаған жағдайда қамқоршы және қорғанушы органдары аркылы шақырылады. Кәмелеттік жасқа толмаған айыпталушыдан, күдіктіден жауап алу қорғаушының, заңды өкілдің, ал қажет жағдайларда психологтің, мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан хаттамамен танысуға жене айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқығы бар. Кәмелеттік жасқа толмаған куәгерден және жәбірленушілерден жауап алу, негізінде, тыныш жағдайда, онымен әңгімелесу нысанында жүргізілуі тиіс, жасөспірімнің көңілін ешкім және ештеңе аудармауы тиіс. Кәмелеттік жасқа толмағанның жауаптарын хаттамаға жазу одан сұралған оқиғаны немесе мән-жайларды ол мазмұндап берген соң ғана жүргізіледі. Кәмелеттік жасқа толмаған күдіктіден, айыпталушыдан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, ал жалпы алғанда — күніне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиіс емес. Кәмелеттік жасқа толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 215-бабына сәйкес, 14 жасқа дейінгі куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін, ал тергеушінің қалауы бойынша 14 жастан 18 жасқа дейінгі куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог шақыртылады. Кәмелеттік жасқа толмаған куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы. 16 жасқа дейінгі куәгерлер мен жәбірленушілерге айғақ беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілмейді, өйткені көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Мұндай куәгерлер мен жәбірленушілерге іс жүргізудегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілген кезде оларға тек шындықты ғана айтудың қажет екені атап көрсетіледі. Мұғалім, психолог тергеушінің, соттың рұқсатымен жасқа толмаған күдіктіге, айыпталушыға сұрақтар жоюға құқығы бар. Ал іс жүргізу әрекеті аяқталғаннан кейін оларға тергеу қимылының хаттамасымен танысуға ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға, тергеушінің, соттық ұйғарымы бойынша кәмелеттік жасқа толмағанның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға құқық берілген. Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша іс жүргізудің аталған ерекшеліктері мемлекеттің кәмелеттік жасқа толмаған күдіктінің (айыпталушының) құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті қорғауды қамтамасыз етуге ұмтылыс жасап жатқандығын көрсетеді.
Көөп рахмет!!!
оқасы жоқ!
...