Берілсін: бір қабырға a және оған іргелес екі бұрыш B мен C.
Алдымен үшінші бұрышты табамыз:
A=180^0-(B+C)
Одан кейін синустар теоремасын қолданамыз:
\frac{a}{\sin A}=\frac{b}{\sin B}=\frac{c}{\sin C}
Сонда қалған қабырғалар:
b=\frac{a\sin B}{\sin A}
c=\frac{a\sin C}{\sin A}
Мұнда a берілген екі бұрыштың арасындағы қабырға, ал b және c табылатын қабырғалар. Есептеуде калькулятор бұрыш өлшемі градус режимінде тұрғанын тексеріңіз.