0 дауыс
407 көрілді
Мектепте тәрбие завучтар шаш алмасан мектептен шығасын деп

1 жауап

0 дауыс

Нақты бір норма жоқ екен, бірақ ұстаз оқушыларға үлгі болатындықтан, жинақы жүргені абзал.

Мұғалім жұмысында тәрбиелік  мәні жоқ нәрсе болмайды, мәні жоқ  нәрсе болмайды. Соның ішінде мұғалімнің киім киісі, мұғалім киіміндегі эстетизм, сән және мұғалім киімі еш жерде  зерттелініп, бір жүйеге келмеген проблема. Нақты форма жоқ. Әрбір мұғалім  өзінің жеке, эстетикалық талғамына, жалпы мәдени деңгейіне қарай  киініп жүруі керек. Ескеретін норма – мұғалім оқушылардың қалт жібермей, құштарлықпен бәріне назар салып отыратынын білуі тиіс. «Киіміне қарай қарсы алып, ақыл-ой өрісіне қарай шығарып салатыны» анық. Сондықтан, нақты қағида – мұғалім жұмысқа жарасымды, сәнді киініп келуі. Мұғалімнің сыртқы келбеті – оның төңірегіндегі адамдарға аса құрмет көрсетуі болып табылады. Өйткені ол – қоршаған ортада жағымды ықпал жасайтын ерекше тұлға. Киім адамды тәртіптендіреді, жинақыландырады, оқушыға да әсер етіп, оны ілтипаттылыққа шақырады. Мұғалімнің салдыр-салақ киініп, еркек мұғалім сақалыне қырмай, әйел мұғалім шашын сәндемей, бет-жүзін әсемдемей сабаққа келетін болса, ондай ұстазды оқушылар құрметтемейді. А.С.Макаренко кезінде эстетикалық талғамнан кейін қалған мұғалімді сабаққа жібермеген. Барлық уақытта мұғалім – салауатты өмір салтының насихатшысы, үлгісі. Ішімдік ішпеу, темекі шекпеу, наша пайдаланбай, құмар ақгалы ойынбен әуестенбеу – мұғалім үшін басты шарт. Мұндай улы заттар мұғалімнің миын уландырады да, оның басындағы білім қорын аздырады. Оқушылар ондайларды тез айыра алады. Лебінен ішімдік иісі аңқыған, демінен темекінің күмүлжі иісі бас қатыратын мұғалімді ешкім де қадірлемейлі. Улы заттардан уланған мұғалімнің дұрыс білім беруі де екіталай. Мұғалімнің мәдениетсіздік көрінісі оқушылардың психикасын бұзады; теріс әсер етеді, ұнамсыз эмоция туғызады.

Ұлы ұстазымыз Ыбырай Алтынсарин мұғалімдерге темекі шегуге, насыбай  атуға, ішімдік ішуге, құмар ойындар  ойнауға тыйым салған. Ұлы ұстаздың осы ұстанымын қазыір өмірге ендіру – міндет әрі парыз.

...