0 дауыс
Қоқаңдықтар алым салықтың қандай түрлерін енгізді?
07.02.2022
өңдеді 729 қаралым

1 жауап

0 дауыс

 Қоқан хандығы билеушілері Сырдария бойында Дінқорған, Қошқорған, Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған, Жүлек, Шудың бойында Тоқмақ, Пішпек, Меркі, Сарысуда Қаражар, Төртқұман, Ұлытау бекіністерін Қорағаты өз. бойында Иткешу бекінісін салдырды. 1826 жылы Әулиеата бекінісінің негізі қаланды. Қоқан бекіністері төңірегінде көшіп-қонып жүрген қазақ қауымдары жылына түндік басы 6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз арба сексеуіл, 100 бау қамыс тапсыруға міндетті болды. Ал егіншілер егіс өнімінің үштен бірін Қоқан хандығы қазынасына төлеуге тиісті еді.

17.03.2022
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы