Лимон қышқылын қандай заттарға, тамақтарға қолданылады?

0 дауыс
974 қаралым
Лимон қышқылын қолдану. Қайда қолдануға болады?
• Санаты: Химия | 974 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Тұрмыстық жағдайда :

Су қайнататын ыдыстардан қақты жою мақсатында қолданылады.

Тағам саласында қолданылуы:

Лимон қышқылын майонез, түрлі соустар, консервілер, өңделген ірімшіктер, джемдер, желелер жасауда қолданады. Ол консервілеу  үшін қажет, сонымен қатар  май өндірісінде ащылықты жою мақсатында қолданылады. Лимон қышқылы шараптарда, ликерлерде және лимонадтарда сергіткіш ретінде, сондай-ақ алкогольсіз сусындарға дәм беру үшін қолданылады. Бұдан басқа, ол торттарға, балмұздақтарға, кондитерлік өнімдерге, тәттілерге және карамельге дәм күшейткіш ретінде қолданылады.

Медицинада қолданылуы:

Медицинада лимон қышқылы адам ағзасындағы энергия алмасуын жақсартатын және зат алмасу процестерін жеделдететін өнімдерді өндіруде қолданылады. Косметологияда лимон қышқылы сусабындар, кремдер, лосьондар, ваннаға арналған көпіргіш бомбочкалар жасау үшін қолданылады.

127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,939 қолданушы