0 дауыс
439 көрілді
Эссе талаптары:
- эссе мектептің 50 жылдығына арналуы керек;
- 120-150 сөз аралығында болуы керек;
- орфографиялық норма сақталуы керек;
- эссенің төменгі жағына оқушының аты-жөні жазылып, екі парақ біт бетке суретке түсірілуі қажет.
(бұл эссеге орын беріледі)

1 жауап

0 дауыс

Мектеп. «Мектеп»  деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты.   Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға ретінде  қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білім менінің арқасы.

Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында  ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам  болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады.  Ұлы суреткер  жазушымыз  М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды  теңестіретін нәрсе  — білім»  деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың  — бәрі де  біліммен тікелей байланысты. Адам бойында  болатын тапқырлық, шығармашылық қасиеттері  біліммен ғана кемелденеді.  Білімсіз адамның  бойынан бұл қасиеттердің  бірін де табуға болмайды, болған күйде  де жартыкеш, жансар күйде кездеседі. Бір ұлттың, мемлекеттің  бәсекеге  қабілеттілігінің кепілі  — білім ғана. Осындайда  Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаевтың  2006 жылғы  18 ақпандағы  Қазақстан Республикасы  халықтарына  арнаған жолдауында  «ХХІ  ғасырда  білімі дамымаған  елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» деген, үлкен парасаттылықпен  айтылған көреген пікірі еске түседі. Ұлттың білім қорының, біліктілік сапасының  қандай екенін мектебінен көруге болады. Мектеп даналардың  түлеп ұшар тұғыры, талантын шыңдар  білім ордасы. Ұлттың рухани байлығы білімінде, ұстанар бағыты тәрбиесінде, осы білім мен тәрбиенің  сарқылмас  кәусар бұлағының  көзі мектепте.

Көптеген жылдар бойы сыннан өткен, жағымды нәтиже берген  шетелдік  мектептеріндегі озық  оқыту мен оқу әдістері  қазіргі таңда өз елімізде қолданысқа енгізілуде. Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстан Республикасында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда.

Мектептің жүрегі — мұғалім, білікті ұстаз. Сондықтан казіргі таңда  ең маңызды мәселелердің  бірі – педагог мәртебесін көтеру. Осы бағытта мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында  2012 жылдан бастап  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы әлемдік тәжірибе негізінде өзгерістерді жүзеге асыруда. Әрине  әлемдегі үздік практиканы меңгерген «жаңашыл мұғалім»   мектеп жүйесіне жаңаша леп әкеледі, білім беру қызметінің сапасын жаңа деңгейге жеткізеді деп  үкімет бізге үлкен сенім артып отыр.

Қазіргі таңда қарқынды өзгеріп жатқан  әлемде мектептер үшін  ең басты мәселе болып отырғаны : «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» Осы сұрақ төңірегінде мақсат қойып, жұмыстарын  жаңа бағытқа бағыштаған  Құрық орта мектеп  гимназиясының мұғалімдері 2013-2014 оқу жылын  өздерінің  іс тәжірибелерін жаңаша  дамытуға бетбұрыс алды.  Құрық орта мектеп-гимназиясында  Кембридждік  бағдарламаның деңгейлік курстарын аяқтаған  екі бірінші деңгейлі, екі екінші деңгейлі және  он  үшінші деңгейлі мұғалімдер бар.  Құрық орта мектеп- гимназиясының директоры  Келдімұрат Түгелбайұлы  Даурбаев Астана қаласындағы  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында деңгейлік курсын аяқтады. «Өзгерістердің әрқашанда орын алуына байланысты, оларды бақылау және өз тілегіне сәйкес бағыттау үшін, ол өзгерістер туралы білу керек. Шарттарымен және жағдайларымен ілесуге, олармен жай ғана келісе беруге болмайды, оларды пайдалану және бағыттау қажет» деп ағылшын ғалымы  Джон Дьюи айтқандай мектеп директоры К.Даурбаев    мұғалімдерге жаңа бағдарламаны іске асыруда дұрыс бағыт беріп,  қарқынды  жұмыс жасауда. Аудан бойынша  мектебіміздің  жаңашылдыққа алғашқылардың бірі болып  қадам басқанын мақтан тұтамыз. Мектебіміздің  «Құрық орта мектеп- гимназиясы» мемлекеттік мекемесі болып құрылғанына  биыл үш жыл толып отыр. Үш жастағы бала  қызығушылығы мол,  «негеш?» болып келетіні мәлім. Біздің мектепте  жыл сайын  өзіне  «Неге?» деген сұрақтарды қою арқылы,  өткен жылға анализ жасап, келер жылға ата-ана, оқушы және мектеп мұғалімдерінен сауалнама  алу арқылы,  олардың қажеттілігіне қарай  мектептің даму жоспарын жасақтайды.

Өзгерісті бастаған мектеп өз оқушыларына қазіргі заман талаптарына сай білім бере алады деп есептеймін.Мектеп өзгеру керек болса, сол өзгерісті бастайтын мұғалімдер де өзгеру керек. Біздің мектептің мұғалімдері заман талабына сай  жаңа әдіс-тәсілдерді игеріп,  жаңа форматты мұғалімдер болуға  ынтасын білдіріп отыр.   Мектебіміздің мұғалімдерінің аудан, облыс және республика  бойынша  жетістіктері мол.  Биылғы оқу жылында  тәжірибе алмасу  және ынтымақтастық  орнату мақсатында  көптеген  пәнаралық семинарлар ұйымдастырып,  коучингтер  жүргізіп,  жаңа форматты сабақтар көрсетіп  ауыл ,аудан мектептерінің  арасында желілікті дамытуда  үлкен үлес қосты.  Сонымен қатар,  биылғы оқу жылының  мамыр айында сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша бастауыш сыныптың оқушылары  қазақ тілі пәні бойынша  республикалық олимпиададан  бас жүлде  иеленіп қайтты.  Бұл мектеп ұжымының мақтанышы. Осындай  жетістіктерге толы  мектебіміз бүгін де  белсене жұмыс , шәкірттердің  жан-жақты тәрбиеленуіне күш салуда.

«Болашақтағы мектепті қалай елестетер едің?» деген сұраққа оқушылар да,  ата-аналар да   «әдемі, гүлденген,  кең кабинеттері, ауласы, спорт алаңы бар,  техникалық жағынан жабдықталған деген сияқты  қиялдағы армандарын айтады.  Ал біздің мектеп  казіргі таңда әр оқушының осы армандарына  қол жеткізіп тұрғандай.  Жылдан  жылға  педагог мамандарының толығуымен, олардың біліктілік санаттарының жоғарылауымен  біздің мектебіміз   көпшілік көңілінен шығатын білім ордасы болатынына  сенімдемін.

Толығырақ: https://www.tarbie.kz/32859

...