0 дауыс
464 көрілді
Осы мақалдың мағынасын түсіндіре аласыздар ма?

1 жауап

0 дауыс

https://qazaquni.kz/rukhaniyat/62445-kebenek-kigen-kaydan-keledi

«Кебін киген келмейді». Кебін киген (бақилық болған) адамның келмейтіні рас қой. Басы түсінікті болған соң  ары қарай бас қатырып, ойлап та  жатпайтын болсақ керек.

«Кебенек киген келеді». Кебенекті көрмесе де, оның не екені жұрттың көбіне түсінікті ғой. Кебенек –  киізден тігілетін, суық өткізбейтін, қыстыгүні отардағы малшылар киетін киімнің ескі түрі екен. Үлкендер «кебенек суықта таптырмайтын киім» деседі. Кебенек киген адам суықтан қорықпайды, кез келген жерге шешінбей жата кетсе төсеніш те,  жамылғы да керек емес. Жамбастан сыз, бүйірден аяз өткізбейтін өзі төсеніш, өзі жамылғы... Салт атпен алыс жолға шыққан кісіге  көрпе-жастық алып жүру де оңай емес: ең алдымен атқа жүк, онан қалса мұздап қалған төсек-орын жатсаң денені қарып жатқызбайтыны тағы бар.

Қорыта келгенде, кебенек көшпелі өмірдің,  атүсті тірліктің өз қажетінен туған киім деп ұғамыз.

Ал  мақалға келсек, бұрын үлкендер бұл мақалды жоғалып кеткен адамдарға, сотталып түрмеде жатқандарға байланысты қолданатын. Осы күнде алыс жолға кеткен адамдарға байланысты, «тірі пендеден күдер үзбе» деген мағынада да қолданылып қалып жүр.

Бұл мақалдың мазмұнын айқындап тұрған екі сөз «кебін» мен «кебенек» екені анық. Кебін жұртқа түсінікті болса да, кебенек сөзі мағынасы өшкіндеп бара жатқан ескі сөз. Себебі, бұл күнде бұрынғыдай отардағы малшы, далаға қонатын жолаушы жоқ, қайда барса жылы үй, кебенекке ешкім зар емес. Сөйтіп, әуелі кебенектің өзі қолданыстан шығып қалады. Сонымен бірге кебенек сөзі заттық тұлғасынан айырылып, өлі атауға айналған.

Мақалдың мазмұнына мән беріп ой жүгіртер болсақ, мәселе кебенек  аталған киімге  ғана емес, сол  кебенекті қандай жағдайда  киюге байланысты екенін байқау қиын емес.

Кебенек кигенді неге кебін кигенмен салыстырған? Отарға кеткен малшыны, алысқа кеткен жолаушыны  дүниеден өткен кісімен қатар ауызға алатыны қалай? «Кебенек киген келеді» дегені – отарға  кеткен малшы келеді дегені ме? Болмаса, алысқа жолаушы кеткен  адам қайтып  оралады деген сөз бе?

Бұл екеуінің де қисыны келіңкіремей тұр. Отарға кеткен малшының, жолаушы кеткен кісінің келетіні онсыз да белгілі жай.  «Үмітсіз шайтан ісі», «үйдегі қан жұтады, түздегі май жұтады» деп білетін, келер күннен  жақсылық тілеуді өмірлік ұстаным еткен  халық өз игілігі үшін сыртқа шығып кеткен азаматтарын қаза болған адаммен  салыстырмаса керек. Бұл жердегі түйін басқа.

...