+3 дауыс
2.7k көрілді
ұбт тапсыратындар математика пәнінен қиындық бар ма? қалай дайындалған дұрыс? Қазақстан тарихы ше???

4 жауап

+5 дауыс
Менің інім қазір күндіз мектепте сабақ оқиды, содан қосымша сабақтар алады, кейін жалдамалы оқытушыдан тағы да сабақ алады, 2-3 оқушыдан өздері топтасып алған және күнтізбе құрастырып қойған, сол кесте бойынша оқушылар бір бірінің үйіне жиналып топтаса сабақ оқиды, бірінің білмегенін бірі айтып. ал басқа кездерде 5+ тестілеу бағдарламасымен үйде дайындалады,
рахмет!!!
Рахметіңізге рахмет! +1 балл бере салсаңыз жақсы болар еди, хихи
+1))))))
жігіттерді білмеймін, бірақ қыздар басқа үйде жүріп керемет  оқып кетеді деп ойламаймын, қыздардың басы жиналса не болатынын өздеріңіз білетін шығарсыздар...
+3 дауыс
Сәлем Диана!иә, математика жағы қиын болып тұр,ауызша сабақтарды сұрақ - жауап ретінде жаттап дайындалып жүрмін.5 пән физикадан есептер шығарамын....айтпақшы онлайн тесттермен дайындалған тиімді!!
Привет! қандай сайттағы онлайн тестпен жұмыс істейсін? Менің сұрағыма жауап бергенін үшін рахмет)
+3 дауыс
Мен тарих пен таңдау пәнім әдебиетті оқып жүрмін. 5 пәннің әр жылғы шыққан тест кітапшаларын сатып алып, жаттап жүрмін сұрағы мен жауабын.
Привет)  ал математика ше? Тарихты жаттаймын де, қанша жинап жүрсін? жауабына рахмет!
Алматы 2000 тестімен есеп шығарамын. Бізде әлі дайындық тест алған жоқ.
0 дауыс
Математика пәнінен барлық тақырыптарды қайталап, тестерден есп шығарған дұрыс. Түсінбеген есептер болса, сол тақырыпқа байланысты жазылған ережелер, яки дайын мысалдарға қарап үйреніп алған жөн. Ал, кейде тригонометриялық өрнектер келеді, тепе-теңдікке байланысты, соларды жаттап алған жөн. Әрине, тура сол келмеуі мүмкін, сондықтан оларды шығару жолын білген де жөн. Қазақстан тарихынан соңғы жылдардағы тесттерді жауабы арқылы жаттауға кеңес беремін, сонсоң 1-2 сұрақ міндетті түрде тесте кездеспеген жаңа сұрақ болады. Кітаптардағы тракторды алғаш айдаған әйел, т.б тесте болмаса да жаттап алған жөн. Сәттілік!
...