0 дауыс
5.4k көрілді
Барлық 5 пәннен жазда қалай дайындалған дұрыс? Ешкімнің көмегінсіз... Таңдау пән: физика

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Ескеретін нәрселер:

1)Ең бірінші дайындаламын деп шешсең, міндетті түрде дайындал айтып қана қоймай, шынымен кіріссең нәтиже болады.

2)Содан соң тағы айтатыным, ұбт-да келетін сұрақтар аспаннан алынбайды (кейбір дайындалмағандардың айтуы бойынша), кәдімгі өзің өткен материал, көп болса 4-5 сұрақ келуі мүмкін соның өзінде тек өзгертілген, сондықтан дайындалсаң алуға болады.

3)Көмек болуы мүмкін, көмектесу үшін барын салады, БІРАҚ! болмауы да әбден мүмкін, сондықтан өзіңе сенгенің дұрыс, өзің дайындалып бар, көмек болса тіптен керемет.

Енді дайындалу туралы:

1) қазақ тілі: бірінші сөйлем талдау арқылы дайындалуға болады оның тиімді жағы бір сөйлем талдасаң бірнеше ереже шығады, ондағы тыныс белгілердің қойылу себептерінде анықта; одан кейін оны шемішкеше шағатын болғанда тесттерді шешіп көр сонда  көп қиындық болмайтынын байқайсың.

2)орыс тілі: орыс тілін тап қазақ тілі сияқты үйренуге болады; бірақ ережені орысша оқып, қазақ тілімен салыстырып өзің ойша мысал келтіріп толықтай түсініп алу керек;

3) тарих: тарихты схемамен дайындал өте тиімді, бір тақырыпты оқып шық, мысалға Сақтар делік, содан соң бір парақ алып сақтар деп жазда содан схема сыз сақтардық шаруашылығы, әскери құрамы, халқы,т.б. деген сияқты сосн әр мемлекеттің мысалға шаруашылығын қызыл түспен, қоныстарын сарымен, жорықтарын көкпен деген сияқты белгілеп отырсаң өзіңе өте оңай болады. содан соң ескере кететін жайыттарды астына түртіп қойсаң да болады; схема сызып соны оқып жатқанда өзіңді сабақ түсіндіріп жатқан мұғалім сияқты сезін және солай түсініп оқы

4)математика: математиканы қатты тырысып, өзіңнің бір түсінуге құлқың болмаса жайдан жай немқұрайлы әйтеуір дайындалу керек дегеннен түсіне алмайсын; алгебра нешінші класстан басталады өзі, сол кітапты тауып аласың да ең басынан бастап есептерді шығара бастайсың, бірінші тақырыбын оқып түсініп алсаң тіптен жақсы, бір қиналған немесе түсінбей кеткен жерің болса келесі тақырыпқа көшпе, барлық есебін шығарып қиындықсыз шешетін болған кезде ғана келесі тақырыпты баста.

5) физика: мен таңдамаған пән бірақ бұған да математика сияқты дайыналған дұрыс болар деп ойлайм;

P.S. Иә, сосын тағы көмек қажет болып жатырса (психологиялық тұрғыдан мүмкін), маған жеке хатпен жазсаң болады. Сәттілік! Уайымдама, бәрі жақсы болады, дайындалып талаптансаң жерде қалмайсың, ең бастысы өзіңе сен. 

тиімді жол екен...
Керемет жазылған!))
КЕРЕМЕТ!!! Алғысым шексіз
көмегім тигеніме қүаныштымын!
0 дауыс
Оте керемет жазыпсыз. Мен де дайындалып жатырмын жане УБТ га катысатындарга айтарым барине де дайындалсак алмайтын асу болмайды. Сол себепти дайындалыныздар дегим келеди.
...