+1 дауыс
2.6k көрілді
Айдол деген не? Қалай түсінуге болады?

1 жауап

0 дауыс
Айдол (немесе идол) Бұл термин ағылшын тілінен алынған “idol”. Қазақшасы “Пұт” деп аталады. Пұт - құдайдың бейнесі ретінде табынатын мүсін сияқты зат.

Пұт сөзінің алғашқы жазбалары 1200 жылдардан келеді. Ол гректің eídōlon сөзінен шыққан, яғни "бейне" (image) дегенді білдіреді, ал eîdos — "пішін" “shape, form” дегенді білдіреді.

Орысшасы: идол, кумир, истукан, божество.

Син. божество, божок, герой, истукан, кумир, любимец, фетиш.

Жапондық айдол/идол

Жапондық айдол – (J-pop “Джей-поп”) жапон поп мәдениетінде жас медиа тұлға (әнші, актер, модель және т.б.). Жапондық айдол әрқашан сүйкімді және идеалды болып келеді. Олар көбінесе ән айтуға, би билеуге, модельдеуге және музыкалық аспаптары мен ойнайды. Жапонияда көптеген айдол топтары бар.

Жапонияның айдол индустриясы алғаш рет 1960 жылдары пайда болды және 1970 және 1980 жылдары теледидардың арқасында танымал болды.

Кореялық айдол/идол

Кореялық айдол - Оңтүстік Кореяның фандом мәдениетінде топтың бір бөлігі немесе K-pop саласында жұмыс істейтін атақты адамдар.

Корейлік айдол топтары 20 ғасырдың басында пайда бола бастады. Оның алғашқы үлгілері ән айту, би билеу, актерлік өнер, эстрадалық өнер, және вокалдық топтар түрінде болды.

Шетелге шыққан алғашқы айдол 1950-1970 жылдар АҚШ пен Оңтүстік Кореяда өнер көрсеткен The Kim Sisters тобы.

BTS тобының “IDOL” әннің мағынасы:

IDOL = I DO Love myself (Мен өзімді жақсы көремін) бұл IDOL сөзінің қысқаша түрі

'IDOL' - бұл адамның өзіндік ерекшелігі мен құндылығы туралы.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 18.05.2021 Қазақша ән сұрақ қойды
0 дауыс
6 жауап
...