0 дауыс
443 көрілді
ЕРКЕНАЗ
Назың да бар бойыңда, еркелігің –
Сен десе сезім күйін шертеді мың.
Сені көрсем көргендей боламын мен,
Ханшайымын ең сұлу – ертегінің!
Сені жырлау бір бақыт – әр ақынға,
Сені ойлау – талайға таң атырған.
Сен қазақтың қызы едің, қазақтағы –
Ең керемет жігітке бола туған.
Ерекше ғой еркелеп жүргенің де,
Ұнайды сенің маған күлгенің де.
Сенің тәтті қылығың, сұлулығың –
Талай жанның сақталған жүрегінде.
Сыртына білінбейтін мүлде мұңы,
Жайнаған келбетімен бірге нұры –
Аман бол, Аягөздің ару қызы,
Өткізіп бақытты бал күндеріңді
Автор — (с) Ақбай Абай Әлиұлы
Хабарласыңыздар. 87772063974

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...