0 дауыс
1.5k көрілді
Мұхит ағыстары. Мұхитта болатын толқындарды не жасайды?

1 жауап

0 дауыс

Толқындар. Дүниежүзілік мұхиттың беті үздіксіз қозғалыста тербелмелі және ілгермелі қозғалыстар жасайды. Мұхиттар мен теңіздердің бетінде толқын қалай пайда болады?

Әдетте, толқындар желдің әсерінен пайда болады. Жел соға бастағанда теңіз үстінде толқын көтеріледі. Толқын көтерілген кезде теңізге қарасақ, толқындар жарысып бара жатқандай көрінеді. Осы толқандардың үстінде қалқып жүрген нәрселердің орындарын өзгертпей, біресе жоғары көтеріліп, біресе төмен түсіп тұрғанын байқайсыңдар. Толқындағы судың бөлігі бір орында ғана толқу қозғалысын жасайды. Жағаларда толқындардың жылдамдығы бәсеңдеп, олардың биіктігі артады. Бір жерлерде теңіз толқындары жағаны бұзады, ал басқа жерлерде осы бұзылған заттарды шөктіріп, көлемі үлкен құмды немесе малта тасты қайраң түзеді.

Толқынның қимасынан оның пішінін көруге болады. Су бетінің – деңгейінен жоғары көтерілген толқынның ең биік бөлігі толқынның қыры немесе жалы, су бетінің деңгейінен ең төмен жатқан бөлігін толқынның табаны деп атайды. Көршілес екі қырдың немесе жалдың арасындағы арақашықтық толқының ұзындығы, ал табанынан қырына дейінгі қашықтық толқынның биіктігі деп аталады.

Ашық мұхиттағыға қарағанда, теңіздегі толқындар аласа (не себепті?). мұхиттағы толқындар өте күшті болады. Теңізшілердің Тынық мұхитының оңтүстік шығыс бөлігінде толқын биіктігінің 18 м-ге жеткенін байқаған кездер болған.

Толқынның күші 9 балдық шәкілмен анықталады. Ең биік толқындар 40 және 50 аралықтарында байқалады, өйткені осы арада күшті жел соғады.

Үлкен толқындар аумағына Отты жер аралы мен Америка жағалаулары (Сан-Франциско ауданы) жатады. Дауыл тасқындары жағалаудағы бекініс құрылыстарын қиратады.

Цунами – көлемі өте үлкен толқындар, олар желдің әрекетінен емес, су астындағы өте күшті жер сілкінуінен пайда болады. «Цунами» – жапон сөзі: «цу» – қойнау, «нами» – толқын  деген мағынаны білдіретіндіктен, жер сілкінуден немесе су түбіндегі жанартаудың атқылауынан туатын толқындарды цунами деп атайды.

Цунами толқындары үйлерді құлатып, электр желілерін істен шығарады, кемелерді жағаға шығарып тастайды. Бұл толқындар жағалау тұрғындарына да үлкен апаттар әкеледі.

Цунами қалай пайда болады? Суға тас лақтырғанда су бетіне пайда болатын шеңберлер сияқты, жер сілкіну орталығынан жан-жаққа цунами толқындары тарайды. Ашық мұхитта цунамидың биіктігі 1 м-ден аспайды, ал ұзындығы 100-200 км-ге жетеді, ол аса байқалмайды және қауіпсіз болады. Ал толқын жағаға жақындағанда биіктігі 10 м-ден асады, ал қойнауға кірер жерде 20 м-ге дейін жетеді. Цунами жер сілкіну орталығынан сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды. Цунами болар алдында су бірнеше минут ішінде жағадан жүздеген метр, ал кейде бірнеше шақырымға дейін шегінеді, су көп шегінсе, цунами толқыны соғұрлым биік көтеріледі. Чилидегі жер сілкіну кезінде цунами толқындары Оңтүстік Америка жағасынан бүкіл Тынық мұхит арқылы 15 мың шақырым жол жүріп, Гавай аралдарына, Жаңа Зеландия, Жапония жағалауына соғылып, Куриль аралдарына дейін жеткен.

https://ikaz.info/m-hit-suyny-oz-alystary/

Ұқсас сұрақтар

...