Менің жасым 19 да. Жігітімді қатты жақсы көрем. Жігітім де 19 да жүргенімізге 5 жыл болды. Бір мектепте оқыдық, мектеп уақытында тек мектепте ғана арасында сөйлесіп жүретін едік. Мектеп бітірген соң телефонда сөйлесіп жақын араласатын болдық. Кейін анама жақсы көретінімді айтқам, анам қарсы болды. Оны ұмыту үшін басқа баламен сөйлесіп көрдім. Бірақ ұмыта алмадым. жігітім де мені қатты жақсы көреді. мен басқамен сөйлесіп кеткенде маған мені жақсы көретінін, ешқашан басқаға бермитінін айтты. Сомен, тағы өзімнің сүйген жігітіммен жүрдім. Неге екенін білмеймін бірақ оны қатты жақсы көрем. бірақ анам қарсы. не істерімді білмеймін. кеңес жаза кетіңіздерші өтініш