0 дауыс
432 көрілді

Сәлеметсіз бе! Анамның қолы қарысып  жатырНе істеуге болады? Тіпті өзі ауырып жатыр. Жауап берсеңіздер

1 жауап

0 дауыс

Шетелде буын аурулары обыр ауруынан кейін екінші орында тұр. Яғни бұл ауру түріне ат үсті қарамайды. Ревмотологиялық аурулар созылмалы дерт саналады. Тармақтары бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Сондықтан тек буын ғана емес, ағзаның өзге де мүшелерін емдеп, дұрыс тамақтану қажет. Дұрыс тамақтану үшін жаз айларында буындарыңызға пайдалы 5 тағамды ұсынамыз: 

1. Тәтті бұрыш – оның құрамында шеміршекті қоректендіретін, қан тамырларының жұмысын жақсартатын аскорбин қышқылы бар. 

2. Сарымсақ пен жабайы пияз қабынуды басады. 

3. Саумалдық (шпинат) пен ақжелек (петрушка) құрамындағы К дәруменінің арқасында терінің жаңаруына септігін тигізеді.  

4. Шие құрамындағы белсенді заттар ағзадағы тұздың сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Құяң ауруына шалдыққандарға күніне бір уыс шие жеп тұруға кеңес береміз.   

5. Жас қозының сүті мен ірімшігінде кальций мөлшері көп болады. Әсіресе күн астында көп жүретіндер үшін аса пайдалы. 

Ревматолог дәрігердерлердің айтуынша, қояншөп (спаржа), асқабақ, авокадо секілді көкөністер құрамында шеміршек терісінің созылмалылығына қарсы В дәрумені бар. Сол себепті оларды аптасына бір рет қабылдап тұру керек. 

Сүйек тұтастығы бұзылғандықтан, олардың арасын желімдеп тұратын заттектер қажет. Ол үшін тауық сорпасын, балық етін, тоңба (холодец) сынды тағамдар жеген абзал. Мұнымен қатар, шемішкенің барлық түрлері пайдалы. Ал қызанақ пен сиыр еті кері әсерін тигізеді. 

Жаз мезгілінде буындарымызды күту тәсілдері:  

- Ауырып тұрған буындарды қыздыруға болмайды: егер бұл қабыну болса, кері әсерін тигізуі мүмкін. Буындарыңыз ауырып, қан тамырларыңыз дұрыс жұмыс жасамайтын болса күн көзінің астында 5 минуттан артық тұрмаңыз. 

- Қабынған буындарға суық жақсы көмектеседі (криотерапия). Ыстық күнде аяғыңыз шаршап ауырса, мұздай компресс жасаңыз: ауырған буыныңызға қалың орамал сүлгіні қойып, үстіне қапшыққа салынған мұз қойыңыз. Осылай 20 минут отырыңыз. Бұл әдіс ауруды басып, қан айналымын жақсартады. 

- Бассейнде жүзу, теңіз тұзын салып ваннаға түсу, фонофорез өз кезегінде жақсы көмектеседі.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/12724/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
...