Балаға дем жетіспесе қандай алғашқы көмек көрсетуге болады?

0 дауыс
322 қаралым
Бала быр богде зат жутып койса, дем жетыспей жатканда кандай жолмен жутып койган затты калай шыгаруга болады. Кандай алгашкы комек корсетуге болады?
Жанұя

1 жауап

0 дауыс

Егер бала кішкене батареяны жұтып қойса, шұғыл түрде дәрігерді шақырыңыз. Егер бала бірдеңе жұтып қойғандығын білсеңіз, жайсыздық белгілерін қадағалаңыз. Егер балада тыныс алуында, сөйлеуде, жұтуда немесе жылауда мәселе болса, сондай-ақ, лоқсу, сілемей ағуы, құсу, кеудесінде немесе ішінде ауырсыну болса, шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз. Күшті жайсыздықта немесе баладағы жайсыздық тиынды жұтқаннан кейін пайда болса, «жедел жәрдемді» шақырыңыз. Өзін жақсы сезінсе де, бірнеше күн бойы қадағалап, нәжісінен жұтқан тиынды тексеріңіз. Әдетте, бала бір затты (түйреуіш немесе әйнек секілді өткір болса да) кездейсоқ жұтып қойса, олар нәжіспен өздігінше шығып, зиян келтірмеуі мүмкін. Баланың нәжісін тексеріп, бөгде заттың организмнен шығуына көз жеткізіңіз. Іш жүргізетін немесе қосымша талшық бермеңіз. Егер бөгде нысан бірнеше күн бойы нәжісте болмаса, дәрігерге көрініңіз.
Толығырақ: https://www.zdrav.kz/kk/azbuka/bogde-zat#5

127,671 сұрақ
322,165 жауап
153,245 пікір
72,697 қолданушы