Сәлеметсіздер ме! Жасым 25те, жігітім 26да. Жүргенімізге 2 айдан асты. Жақын адамымыз арқылы таныстық. Бұйырса үйленуге де ниеттеніп жүрміз. Жігітім үй-ішіне айтып, тойдың барысын жоспарлап, дайындалып жүр. Жігітімнің мінезі жауапкершілігі өте мол, менің жұмыстарымды өзінікі деп қабылдап, айтылған моментте бәріне дайын тұрады.Еңбекқорлығы, маған деген қамқорлығы өте ерекше. Қатты ықылас танытады, ұрсысып тұрсақта "қарның ашпады ма",- деп асты-үстіме түсіп отырады. Айтқан сөзін іспен дәлелдейтініне көзім жетті. Сондай тұстары үшін қатты сыйлап, жақсы көремін. Ал маған ұнамайтыны, жігітім каждый 30 минут сайын сөйлесіп отыруы керек, ол уақыттан асып кетсе ашуланып шыға келеді, қызғаншақтығы басым. Қатты бақылауда ұстайды, каждый 30 минут сайын "не істедің, не қылдың",-деген сұрақтарымен мезі қылады. Көбіне ойым тыншымайды осы әрекеттерінен, морально қатты шаршаймын. Сол үшін қарым-қатынасты тоқтатқым келеді де тұрады, бірақ жақсы қасиеттерін ойлап жақсы көріп, қимаймын. Мен үшін күніне 5-6рет сөйлесу дұрыс. Қызу қанды, тез ашуланып көзі көрмей кетеді не істеп не қойғанын, боғауыз сөздерді жиі қолданады. Мен боғауыз сөзді естігім келмейтінін айтып ескерттім,
-жігітім: "бірден болмаса да қоямын, тырысамын, тек сен менімен қосылып ашуланбай, мені тыңдап, мені бассаң, дұрыс жерімде қолдап, дұрыс емес жерімді айтып отырсаң өзгеремін",-дейді.
Өзім салқынқандымын, өзгенің де жігітімнің де жеке шекарасына қол сұқпаймын, сенім арттым ба болды, күдіктенбеймін. Себебі сенім артуға лайық жігіт. Айтқанын істеуге тырысамын, алайда басынып бара жатқандай сезінем өзімді. Негізі үйленуге лайық жігіт. Тез ашуланбаса одан асқан қамқор, мейірімді, адал жігіт жоқ. Ендігі ойымды жегідей жейтін мәселе, менің өзімен болғанымды, жыныст.қатынаста болуымды сұрап жүр. Мен үйленген соң болады деп өзімнің айтқанымнан қайтпадым. Оның айтуынша, "сеннен айырылып қалудан қорқамын",-дейді, "үйленем дегенше 8-9ай бар, оған дейін ұрысып қалсақ кетіп қаласың меннен. Болмаса ашулана берсем мен кетіп қалуым мүмкін, арамызда осы нәрсе сенімді ұстап тұрғанын қалаймын. Тастап кетеді деп сенбейсің ба, олай жасайтын болсам не істеймін сенің өміріңді бүлдіріп, керісінше осылай сені жауапкершілігіме алып, сенімді жүргім келеді, айырылысып кету деген уайыммен жүргенше, менікі болуды қаламасаң қоя салайық (бұлай айтуының себебі, осыған дейін боғауыз сөздерді жиі айтатынына ренжіп, өзім 2рет бәрі бітсін деген болатынмын, содан сене алмаймын кетпейтініңе дейді), бұдан әрі жүрсек қатты бауыр басып қаламын, солай жарты жолда кетіп қалсаң мен үшін қатты қиын. 5 жыл бұрын да осылай жақсы көріп, мұндай жағдай басымнан өткен, өзіме қимай жүргенде өзгенікі болып кеткен. Одан кейінгі шын жақсы көруім сен, сеннен олай айырылғым келмейді ",-дейді. Не істесем екен, басым қатты. Кеңес берсеңіздер.