0 дауыс
324 көрілді
Бір сұрағым бар еді.. Қыз бала тұрмыс құрған сон бұрынғыша достарымен( ер жыгыт) группаластарымен жәнеде өзге ер адам дармен қарым қатынасын бұрынғыша ұстай алады ма.? Сол туралы уағыз болса жібере аласыздар ма шығарып жатсаныз рахмет ( анон)

1 жауап

0 дауыс
Қазақ қашанда қызын аялаған, қызын тәрбиелеген халық. Қыз тәрбиесін ұлт тәрбиесімен пара-пар қойған, қыз болашақ деп білген. Сондықтан да қай кезде болмасын қызын мейірімділікке, сыпайылыққа, ұяңдыққа, адамгершілікке баулыған.Өйткені, қыздың орны бөлек, жолы басқа.

Қазақ салт-дәстүріндегі тәрбиелік ұғым саналатын «Қызға қырық үйден тиым» ұстанымын назарларыңызға ұсынамыз:

1. Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе, жалғыз қыдыруға тыйым.

2. Үлкендер алдында жарыса сөйлеуге тыйым.

3. Талтайып отыруға тыйым.

4. Шалқайып жатуға тыйым.

5. Көп алдында ұятқа қалмауды, ағайынға жеккөрінішіті болмауды әрқашан ойлап жүр.

6. Орынсыз іске ұрынудан тыйым.

7. Өтірік, өсек айтпа және оны айтушыларды тыңдама.

8. Әурет жерлеріңді жауап, ашық-шашық жүруге тыйым.

9. Өзгелерге тіл және қол тигізуге тыйым.

10. Кісіге қарап керілуге, есінеуге тыйым.

11. Дастарқан үстінде әдемі отыр, әдепті сөйле. Орынсыз сөзден тыйым.

12. Ұрлық-қарлыққа тыйым.

13. Жаназа оқылып жаткан жерден айналып кетпе. Адамды жерлеуге бара жатқандардан озба, жолын кеспе.

14. Бұраңдауға, қылымысуға тыйым.

15. Қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға тыйым.

16. Жалқаулыққа, ластыққа тыйым.

17. Кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға тыйым.

18. Аш болсаң да, тоқ болсаң да құдайынды ұмытпа.

19. Бейәдеп сөз айтудан тыйым.

20. Үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кіру керек.Үлкендердің атын атауға тыйым.

21. Ішімдік-шегімдікке тыйым.

22. Ұрыс-керіске тыйым.

23. Беттен алып, төске шабуға тыйым.

24. Ер адамға әйел киімі жараспайтыны сияқты әйелдер мен қыздарға ер киімі де қонымсыз әрі тәңірінің бұйрығында да жоқ нәрсе.

25. Біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтанба.

26. Түнде суға жалғыз баруға тыйым.

27. Жат жыныстылармен араласып жатуға тыйым.

28. Құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеме, қозғалма, тұрып кетпе.

29. Тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге тыйым.

30. Ерді қорлауға, зорлауға тыйым.

31. Адамды және жан-жануарларды тебуге тыйым.

32. Бүйірін, жағын таянуга тыйым.

33. Тәкаппарлыққа, сайқы-мазаққа тыйым.

34. Тамақты өз алдыңнан алып же, кісі алдындағы қол созба.

35. Шектен тыс жасанып, сылануға тыйым.

36. Қызғаншақтыққа, күншілдікке тыйым.

37. Менмендік пен өзімшілдікке тыйым.

38. Алдап-арбауға тыйым.

39. Көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа тыйым.

40. Тойымсыздыққа тыйым. Осы айтылған маржан сөздерді бойына сіңірген екі дұниенің бақытына бөленері хақ.
...