Веб-дизайнердің қызметі қандай?
— Сайттың макетін әзірлейді;
— Жарнама баннерін дайындайды;
— Әлеуметтік желідегі барлық суретті безендіреді (Аватар, шапка, т.б)
Веб-дизайнер нені білу керек?
— Түстің теориясы мен типографикасын меңгеру қажет;
— UX/UI туралы ойланып, сайтты қолданушы үшін ыңғайлы болуын қадағалау қажет;
— Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Adobe InDesign, Paint, Figma, GIMP, CorelDRAW, NotePad++, FineReader және Colormania, Adobe Flash, GIF Animator бағдарламасын меңгеру маңызды;
— HTML және CSS-тің бастапқы деңгейін де білгені жөн;
— Сурет салу қабілет болу қажет.
Веб-дизайнердің табысы қанша?
Олардың табысы әртүрлі болады. Аlmaty.hh.kz (Работа в Казахстане) сайтының дерегі бойынша, кемінде 150-250 мың теңгеден басталады. Егер, ғаламтор арқылы өз кәсібіңізді дамытатын болсаңыз, бұдан 2-3 есе артық қаражат табуға болады.
Веб-дизайнер болу үшін не істеу қажет?
— Дизайнның негіздерін меңгеру қажет;
— Кейде жақсы пікір қалыптастыру үшін тегін жұмыс істеуге тура келеді;
— Портфолио дайындау керек;
Бұл саланың маманы болу үшін ЖОО бітірудің қажеті жоқ деп жиі естиміз. Десек те, кей университеттерде дизайн мамандығы оқытылады. Бұл салаға да тәжірибе қажет. Сондай-ақ, ақылы курстарды оқып алсаңыз, артық болмайды.
Жеке қасиеттері:
— Байланысқа бейімділік, белсенділік, еңбекқорлық;
— Шыдамдылық, креативтік, тапқырлық;