Дәрежесі: бакалавр
Бағыты: гуманитарлық ғылымдар
Мамандықтың атауы мен коды: 5В020700 – Аударма ісі
Кредит саны: ҚР кредиті — 129, ESTC кредиті — 203
Оқу нысаны: күндізгі
Оқудың басталуы: 1 қыркүйек
Оқу мерзімі: 4 жыл (мектеп базасында), 3 жыл (колледж базасында)
Білім беру траекториясы: «Аудармашы-референт» және «Гид-аудармашы»
Біліктілігі: гуманитарлық білімдер бакалавры
Мамандандырылуы: «Аударма ісі» мамандығы бойынша гуманитарлық білімдер бакалавры аудармашы-референт, гид-аудармашы қызметінде жұмыс атқара алады.
Мамандықтың ерекшелігі:
аудармашылық (әр түрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттарды жазбаша аудару, келіссөздерде, халықаралық кездесулерде, конференцияларда ауызша аударма жасау );
ұйымдастырушылық (әр тұрғыдағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдарды құру);
өндірістік-басқарушылық (отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде басқару және/немесе кәсіби міндеттерді атқару (әр түрлі аудармалар);
ақпараттық-аналитикалық (әлеуметтік-саяси талдау жүргізу, іскерлік хат-хабарлар, есептер, шолулар, жағдаяттың болжамын жасау, аудармаларды редакциялау);
ғылыми-зерттеу (практикалық материалды жинап, өңдеу, аударматану және мәдениаралық коммуникация мәселелері жөнінде баяндамалар мен мақалалар әзірлеу).
Еңбек нарығы: бітірушілердің кәсіби қызметтерінің нысандары: мәдениет мекемелері, халықаралық ұйымдар, түрлі ақпараттық-аналитикалық қызметтер, елшіліктер мен өкілдіктер, министрліктер, туризм жөніндегі агенттіктер, баспаханалар, аударма бюросы және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар.
Түсу кезінде қойылатын талаптар: ҰБТ тапсыру, төртінші пән – ағылшын тілі
Толығырақ: https://egi.edu.kz/kk/audarma-isi-mamandy-yny-sipattamasy-a-ylshyn-nemis-frantsuz-ytaj/