0 дауыс
7.4k көрілді

A (2; -3) нүктесі арқылы n (4;2) векторына перпендикуляр өтетін түзудің теңдеуі

1 жауап

0 дауыс

Кеңістікте Oxyz декарттық координаталар системасы берілсін. M0(x0,y0,z0) нүктесі мен N={A,B,C} векторы берілген болсын. Мынадай теңдеуді қарастыралық:

A(x-x0)+B(y-y0)+C(z-z0)=0 (1)

Бұл теңдеу M0(x0,y0,z0) нүктесі арқылы өтетін, N={A,B,C} векторына перпендикуляр жазықтықты анықтайды. Осы теңдеудегі жақшаларды ашсақ Ax+By+Cz-(Ax0+By0+Cz0)=0 аламыз. Соңғы теңдеудегі жақшадағы санды

-D деп белгілесек жазықтықтың теңдеуі мынадай түрде жазылады:

Ax+By+Cz+D=0. (2)

(2) теңдеу жазықтықтың жалпы теңдеуі деп аталынады. N={A,B,C} векторын жазықтықтың нормаль векторы деп атайды.

Егер жазықтықтың жалпы теңдеуіндегі коэффициенттер нольден ерекше болса, онда теңдеуді – D санына бөліп, теңдеуді мына түрге келтіруге болады:

Мұнда a=-D/A, b=-D/B, c=-D/C. Бұл теңдеуді жазықтықтың кесінділік теңдеуі деп айтады. Мұндағы а, b, с сандары жазықтықтың сәйкес абсцисса, ордината, аппликата осьтерінен қиятын кесінділердің ұзындықтары.

Бізге П1, П2 жазықтықтары берілсін:

A1x+B1y+C1z+D1=0 , A2x+B2y+C2z+D2=0 (4)

онда бұл жазықтықтардың қиылысуынан шыққан екі жақты бұрыштардың біреуі осы жазықтардың нормаль векторларының арасындағы бұрышқа тең болады, сондықтан ол бұрышты төмендегі формула арқылы есептеуге болады:

Егер П1, П2 жазықтықтары өзара параллель болса олардың нормаль векторлары коллинеар болады және керісінше де дұрыс. Сондықтан:

Бұл екі жазықтықтың параллельдік белгісі болады.

Егер П1, П2 жазықтықтары өзара перпендикуляр болса, олардың нормаль векторлары да перпендикуляр болады, демек олардың скалярлық көбейтіндісі нольге тең, яғни:

A1A2+B1B2+C1C2=0.

Толығырақ: https://studopedia.info/4-89182.html

Бұл екі жазықтықтың перпендикулярлық белгісі.

A (2; -3), А (х; у)

n (4;2), n (А; В)

х*А + у*В + D = 0

2*4 + (-3)*2 + D = 0

D = -2

4x + 2y - 2 = 0
...