0 дауыс
311 көрілді
Жүктіліктің 20 аптасында әйел босанып бір аптадан соң өмірден өтсе декрет ақшасы тиесіліме баласы тірі болса.

1 жауап

0 дауыс

Оны жұбайыңыз жұмыс жасаған мекемеден барып сұрап көргеніңіз дұрыс.

Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда – ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер - жүктіліктің 30 аптасынан, ал ядролық сынақ әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктіліктің 27 аптасынан бастап ҚР Еңбек кодексінің 99-бабымен көзделген мерзімге беріледі.

Асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыратын денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылаған жері бойынша әйелдер консультациясында (кабинетінде) қосымша күнтізбелік 14 күнге ұзартылады. 

Еңбекке уақытша  жарамсыздық парағын алу үшін қандай құжаттар қажет. Жалпы жағдайда жеке басын куәландыратын құжат жеткілікті.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Сізге:

жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы немесе балаларды асырап алуына байланысты демалысты (декреттік демалысты) беру үшін;

жүктілікке және босануға, баланы немесе балаларды асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді Қордан алу үшін  қажет болады.

Сізге әлеуметтік төлем алу үшін жүктiлiгі және босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағының екінші жақ бетіне әлеуметтік аударымды төлеушінің белгісі (басшының қолы және жұмыс берушінің мөрі) болуы керектігіне назар аудару керек.

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін)

Кімге тағайындалады. Осы төлем балаға (балаларға) күтімді жүзеге асыратын және қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерді алуға құқығы бар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға тағайындалады. (яғни, олар үшін жұмыс беруші әлеуметік аударымдарды жүргізетін адамдарға).

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мөлшерін қалай есептеуге болады.

Төлемдер мөлшерін есептеу үшін соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты  (әлеуметтік аударымдармен расталады) 24 айға бөлу қажет, содан кейін 0,4 көбейту және 10% зейнетақы жарнасын алу қажет.   

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/child/ui_decret

...