0 дауыс
1.1k көрілді
Менде мәселе қорқыныш негатив қызғаныш танымайтын адам болсада ол адамнан қорқып қашам қасымда ұнамайтын адам болсада маған кесірі тие ма деп журем қалай құтылуға болад бұндай сезімнен ?

1 жауап

0 дауыс

Өмірдің түрлі кезеңінде кез келген адам қиындыққа жолығады. Кейде қандай да бір себеппен немесе себепсіз жағымсыз ой маза бермей, біразға дейін санаңыздан кетпей қояды. Жаман нәрсені ойламас үшін не істеуге болады?

1. Физикалық күштің көмегіне жүгіну Спорттық жаттығудың негатив ойдан алаңдауға көмектесетіні бұрында дәлелденіп қойған. Тіпті, аз жүгірудің немесе жеңіл жаттығудың өзі жаман ойдан жақсы құтқарады. Жаттығу жасауды күнделікті әдетке айналдырған жөн. Толыққанды спортпен айналысуға уақыт болмаса да, жеңіл жаттығу жасаңыз. Бөлменің ішін айналып біраз жүріңіз, басыңызды, иығыңызды және қолыңызды айналдырыңыз. Егер күнде оңай жаттығу жасап жүрсеңіз, көңіл күйіңіз әдеттегіден көтеріңкі болатынын байқайсыз.

2. Әр нәрседен проблема көрмеу Болмайтын нәрсенің өзінен проблема ойлап табу әдеті көңіл күйіңізді бірден бұзып жібере алады. Көбіне адамдар проблеманы өздері ойлап табады, ал оның қорқынышты салдары қиялдан туады. Сондықтан асығыс шешім қабылдамауды үйреніңіз. Нашар эмоцияның пайда болуына ықпал ететін әр жағдайды сабырмен ойланып, ақылға салып көруі керек. Бұл шынымен де ауыр жағдай ма? Әлде аса уайымдайтын ештеңе жоқ па? Жағдайға анализ жүргізген соң жаман ойдың біразы қолдан жасалғанын түсінесіз.

3. Жақындармен бөлісу Кейде жабысқақ ойдан арылудың дұрыс жолы – оларды дыбыстау. Уайымыңызды жақындарыңызға айтыңыз. Олардан кеңес сұраңыз немесе жай ішіңіздегіні сыртқа шығарыңыз. Олардың ойын естіген соң жағдай сіз ойлағандай қиын емес екенін түсінуіңіз әбден мүмкін. Ал егер жағдай шынымен де ауыр болса, жақындарыңыздың қолдауы артық болмайды. Жағдайға басқа қырынан қарайтын адаммен сөйлескен соң шешім табу жеңілдей түседі. Оған қоса, адам ішіндегісін біреуге айтқан соң міндетті түрде жеңілдеп қалады.

4. Сергу Басыңыз жаман ойларға толып тұрған кезде судан жақсы көмектесетін нәрсе жоқ. Бұл стихия адамның жан-дүниесін тыныштандырады. Мүмкіндік болса, бассейнге барып жүзіңіз. Ол бір уақытта су процедурасы және физикалық белсенділік болады. Бірнеше минуттың ішінде бойыңыздағы ауыр күш түсіп, негативтен жағымды ойларға ауыса бастайсыз. Жаман ойлардың себебінен ұйықтай алмасаңыз, жатарда ваннаға суға түскен жөн. Ол босаңсытып, тыныштандырады. Сол секілді душқа түсуге болады. Суда жүзу спортының пайдасы

5. Жақсы нәрселерге ғана мән беру Әлемде жаман нәрселер аз емес. Бірақ онда жақсы заттар да жеткілікті. Әлем қызықты әрі жағымды заттар мен қуанышты сәттерге толы. Зейініңізді осындай жағдайларға қойыңыз және әр күніңізді кішкене болсын жақсы етудің жолдарын іздеңіз. Достармен кездесіңіз, кино немесе концертке барыңыз, өзіңізге сыйлық алыңыз. Жақсы кітаптар оқыңыз, ютубта тек позитивті каналдарды көріңіз, көңілді ән тыңдаңыз. Содан соң келесі кезеңге өтіңіз: достарыңызбен немесе жақындарыңызбен тек позитивті әңгімелер айтуды бастаңыз. Жаман нәрсені мүлдем айтпауға тырысыңыз. Дәл сол уақытта шешу керек проблема болмаса, олармен оны талқыламауға тырысыңыз. Агрессивті пікірталасқа қатыспаңыз.

6. Үйді реттеу Үйдің іші, жалпы айналаңыз реттеліп тұрса, ойларыңызда сондай болады. Үйге толық тазалау жұмысын жүргізу немесе бөлменің ішін басқаша жайғастыру проблемалар мен уайымнан жақсы алаңдатады. Оған қоса, таза әрі рет-ретімен тұрған жерде отыру жағымдырақ. Сондай-ақ заттарды тексерістен өткізу – өзіңізді түсінуге көмектесетін әдістің бірі.

7. Өзіңді қабылдау Егер барлық негатив ойлардың себебі – өзіңіз болсаңыз, өзіңізді қабылдауға тырысыңыз. Барлық адамда кемшілік болады, сондықтан үнемі әр нәрсеге өзіңізді кінәлай беруге болмайды. Одан жағдай өзгермейді, өзіңізді сынай бергеннен жағдай тек нашарлай түседі: созылмалы күйзеліске ұшырауыңыз әбден мүмкін. Сіз жаман деп санайтын қасиетіңіздің жақсы жағын көруге тырысыңыз. Өзіңізге анализ жүргізудің әдістері көп. Оның ең қарапайым түрі – өзіңізге сырттан қарау. Ол қасиетіңіз шынымен де сондай жаман ба? Өзіңізге өте қатал емессіз бе? Егер ол шынымен сізге жағымсыздықтар әкелсе, одан арылу үшін не істей аласыз? Осылайша, ары қарай өз-өзіңізді дамытуды қолға алыңыз.

8. Қазіргі сәтпен өмір сүру «Сол кезде басқаша істегенімде, қалай болар еді?» деген секілді ойлардан арылыңыз. Қазіргі уақытта өмір сүру керек. Өткізіп алған мүмкіндіктерді немесе қателдіктерді ойлаудың қажеті жоқ. Бүгін олардың ешқайсысын өзгерте алмайсыз. Ендеше, оларды ойлай берудің не мәні бар? Сол жағдайдан қандай тәжірибе алуға болатынын ғана ойлауға болады. Бірақ бұл анализге көп уақыт кетірудің қажеті жоқ.

Толығырақ: http://zhambylnews.kz/obhestvo/81035-negativ-ojdan-aryludy-8-disi.html

...