0 дауыс
478 көрілді
Кешегі марафоннан "экологтар" бір суретті бөлісіп жатыр. Марафоншылар көшені ластапты-мыс.

Марафон көрмегеннен болар негізі? Әдетте мұндай қала ішінде болатын марафондар жылына бір рет ірі мегаполистерде өтіп тұрады. Негізгі мақсаттары жеңімпаздарды анықтау емес, бұқаралық спортты насихаттау, қайырымдылық, қоршаған ортаны қорғау. Қатысушылар жарна төлейді, ол ақша белгілі мақсаттарға жұмсалады. Марафон маршруты және қай көшелер қай кезде жабылатыны алдын ала хабарланады. Марафон біткеннен кейін қатысушылардан қалған қоқыс жиналады. Барлығы өз уақытында ретімен.

21 км, 42 км қашықтыққа жүгіретіндер суларын асықпай тоқтап ішіп тұрмайды әлбетте. Жүгіріп бара жатып ішіп, жолдың сыртына лақтыра береді. Ол велоспортта да солай.

Ана суретте де қарасаңыз адамдар жүгіріп барады. Яғни жарыс аяқталмаған. Жарыстан кейін жиналады бәрі. Сол суретті таратқан адамды жазалау керек, дезинформациясы үшін.

Жалпы негатив нәрсе көп тарататындарды басқалар өмірі тек негативке толы екен деп ойлап қалуы мүмкін. Көп жағдайда шынымен солай әлбетте...

2 жауап

0 дауыс
Өмірде жолы болмағандар
0 дауыс

Пессимист деп айтады,бірақ қоғамға кейде сондай жандар да керек ау...

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...