0 дауыс
2.7k көрілді
Намаз оқығанда, мысалы бесін намазының 4ракағат сүннетінен болған соң тұрып мәсіңді киіп ары қарай парызын оқып жалғастыруға бола ма? Біреулерден сұрасам шай ішіп келуге де болады дейді,

1 жауап

0 дауыс
Сүннет пен парыз арасында сөйлеу

Сұрақ: Сүннет пен парыз немесе парыз бен сүннет намаздарының арасында сөйлеу, сәлем алып-беру, дұға ету, тәсбих тарту, Құран оқу бидғат па? Бамдат намазының сүннетін үйінде оқып келген адам, мешітте тәсбихын алып кәлимаи тәуһид немесе салауати шәрифә оқыса немесе сөйлесе не болады?

Жауап: "Мәрақил-фәлах" кітабының Тахтауи хашиясының аудармасы болып табылатын "Нимет-и Ислам" кітабының «Нәпіл намаздар» бөлімінде былай делінеді:

«Парыз бен сүннет немесе сүннет пен парыз арасында сөйлеу алдыңғы сүннетті жоқ қылмайды. Бірақ, сүннеттің сауабын азайтады. Ондай жағдайда ең дұрыс болған қаулы – сүннетті қайта оқу. Кез-келген дұға да бұл жерде сөйлеу сияқты болады.»

Дәл осы нәрсе "Дуррул-Мухтар" кітабында да өткен: «Дұрыс болған қаулы – сүннет қабыл болмайды, сүннетті қайта оқу керек.» Бұл сөз "Дуррул-Мухтар"дың арапша нұсқасының 457-бетінде, кейбір басылымдарында 711-бетінде жарық көрген.

Ибни Абидин хазреттері "Дуррул-Мухтар" кітабын ашықтап жатып, кез-келген нәрсені оқудың да осы үкімге кіретінін білдірген.

Олай болса сүннет пен парыз арасында дұға, сүре немесе үш ихлас оқымау керек. Ал мұны әдет қылып алу бидғат болады. Ғибадаттарға өзінше қосымшалар енгізу - дінді өзгерту болады. Хадис шәрифте: «Ғибадаттарын біз сияқты орындамағандар бізден емес» делінген. Пайғамбарымыз алейһиссалам қалай ғибадат жасаған болса, мазһаб имамымыз мұны қалай білдірген болса, солай орындалу керек. «Мынаны да істей салайық, ананы да қоса салайық» деу – дінде реформа жасау болады. Бұл мүлдем жаиз емес. Сүннет пен парыздың арасында бірнәрсе оқудың сүннетті жоқ қылатыны "Бахр-ур-раиқ" кітабында да жазылған.

Бамдат намазының сүннетін үйінде оқып келген адам мешітке келген кезде сөйлемейді, дауыс шығарып ешнәрсе оқымайды. Ернін қимылдатпай көңілімен (жүрегімен) кәлимаи тәуһид, зікір оқи алады немесе тәфәккур етеді. Егер қазаға қалған намазы бар болса, қаза намазын оқиды. Құран Кәрім оқылып жатқан болса тыңдайды.

Мешітте сүннетті оқып қойып парызды күтіп отырғанда сырттан келген адамның сәлеміне жауап беру де сүннет пен парыз арасында бірнәрсе оқу және сөйлеу сияқты сүннеттің сауабын жоқ қылады.


Нәтиже:

Ғибадаттарды қалай білдірілген болса, дәл солай орындау керек. Ғибадаттардың сауабы үлкен қазына сияқты. Ал қазынаға оларды кітаптағыдай етіп орындау арқылы ғана жету мүмкін. Аз немесе көп орындау, қазынаға қауыша алмау, махрұм қалу деген сөз. Сонымен қатар, бізге бұйрылған бұйрықты өзгертуіміз қазынадан махрұм қалуға себеп болғаны сияқты, бидғат жасауымызға немесе күпірге түсуімізге де себеп болуы мүмкін. Мақсат - әмірге мойынсұнып, қазынаға қауышу. Сондықтан, әмірлерді білдірілгеніндей орындау керек.

Мазһаб имамдарымыздың және имам Раббани хазреттері сияқты әһли сүннет ғұламаларының жолында болмаған, оларды сүйіп, олардың махаббаттарында күймеген адамдар, кітаптан оқыса да ғибадаттарды білдірілгеніндей орындай алмайды.


Сұрақ: Сүннет пен парыз арасында бір нәрсе сұраған адамға қаламмен жазып жауап берсем сөйлескен болам ба?

Жауап: Иә. Ешнәрсемен айналыспау керек.


Сұрақ: Сүннет пен парыз арасында «Аллаһуммә әнтәссәләм...»-дан басқа нәрсе оқылмағанына қарағанда, кітаптарда «сүннет пен парыз арасында оқылады» деп білдірілген дұғаларды да оқымау керек пе?

Жауап: Бұл жалпы қағида. Әр қағиданың ерекше тұстары (исключение) болуы мүмкін. Бұл ерекшелікке бір мысал:

Қырық күн бамдат намазының сүннеті мен парызының арасында 41 рет фатиха оқылады. Бисмилләһ-тің соңындағы «Мим» әрібі Фатиханың «Лам» әрібімен қосылып оқылады (...рахимилхамду деп айтылады). Осыдан кейін жасалған дұға қабыл болады. Суға үрлеп ауру немесе дуаланған адамға ішкізілсе, ажалы келмеген ауру шипа табады және дуа шешіледі. (Тәфсири Азизи)


Сұрақ: Парыз бен сүннет арасында ешнәрсе оқылмайтынын білемін. Бірақ, шипа ниетімен "Сәадати Әбәдийә" кітабында білдірілген «40 күн бамдат намазының сүннеті мен парызы арасында 41 рет, Бисмилләһ-тың соңындағы Мим әрібін Фатиханың Лам әрібімен қосып оқығаннан кейін жасалған дұға қабыл болады» делінген. Мұны оқуға бола ма?

Жауап: Парыз бен сүннет арасында сөйлеу және кез-келген бір дұға оқу дұрыс емес болса да, бұлай шипа ретінде оқылғандар, бұл қағиданың тысында болып, жаиз болады. Басқа мазһабты тақлид етуге қажеттілік қалмайды.


Сұрақ: Кейде мешітте бесін намазының парызының екінші рәкатына үлгеремін. Мен намазды бітірмей жатып имам дұға оқи бастайды. Соңғы сүннетті оқымай имаммен бірге дұға оқуыма бола ма?

Жауап: Парыз бен сүннет, сүннет пен парыз арасында дұға оқу дұрыс емес. Сондықтан, намазды бітіргеннен кейін, тәсбих тартып болғаннан кейін ғана дұға ету керек.


Сұрақ: Сүннет пен парыз арасында дұға оқу жаиз емес. Бұған «Аллаһуммә әнтәссәләм уә минкәссәләм тәбарәктә йа зәл-жәлали уәл-икрам» деп айту да кіре ме?

Жауап: Жоқ, бұл кірмейді. Парыз болсын, нәпіл болсын әр намаздың соңында «Ассаламу алейкум уә рахматуллаһ» деп сәлем бергеннен кейін, «Аллаһуммә әнтәссәләм уә минкәссәләм тәбарәктә йа зәл-жәлали уәл-икрам» деп айтылады. (Рәддул-Мухтар)


Намаздардан кейін

Сұрақ: Хадис шәрифтерде «Парыз намаздардан кейін мынадай дұғаны оқу сауап болады» деп айтылады. Бұлай айтылғандар парызды оқығаннан кейін айтыла ма, әлде дұғадан кейін бе?

Жауап: Ханафи мазһабында намаз бітіп дұға еткеннен кейін оқылады. Өйткені, парыз бен сүннет, сүннет пен парыз арасында дұға оқу Ханафи мазһабында жаиз емес. (Ибни Абидин)


Сүннет пен парыз арасында сөйлесу

Сұрақ: Мешітте сүннет намазын оқып болғаннан кейін сырттан келген адамның сәлемін алу сүннет пен парыз арасында сөйлесу үкіміне кіре ме?

Жауап: Иә, кіреді. Мешітке кірген кезде сүннетті оқып парызды күтіп отырғандармен сөйлеспеу керек, оларға сәлем бермеу керек. Сүннетті оқып, күтіп отырған адам да ешкіммен сөйлеспеуі керек, тілімен дұға оқымауы және зікір етпеуі керек. Тәфәккур ете алады, уақыт бар болатын болса қаза намазын оқи алады.

Бамдат намазының сүннетін оқып мешітке кетіп бара жатқанда да жолда дұға оқу, зікір ету сөйлесу сияқты болады. Тіпті, сәлем берген адамның сәлемі де алынбайды. Сондықтан түсініспеушілік тудырмау үшін, адамдармен осылай сөйлесіп қалу ықтималы болғандықтан бамдат намазының сүннетін үйде емес, мешітте оқу керек.
...