0 дауыс
48.6k көрілді
Әссаламу алейкум! Таң намазының ПАРЫЗЫ іштей оқылама әлде ШАМ намазының ПАРЫЗЫ құсатып дауыстап оқыймызба...

3 жауап

0 дауыс

Таң намазы 4 рәкаттан, яғни, 2 рәкат сүннет, 2 рәкат парыздан тұрады. Екінші таңның атуынан күннің шығуына дейінгі мезгіл - таң намазының уақыты.Екінші таң - таңға қарай шығыс көкжиегінің бозаруы. Бұл уақытпентаң уақыты кіріп, құптан намазының уақыты шығады. Осы сәттен бастап ораза ұстайтындар үшін ғибадат уақыты басталады. Сол себепті бұны «шынайы шапақ» деп атайды. Бұның алдында бірінші таң бар. Бұл - шығыс көкжиегінің ортасында жоғарыға тікелей көтерілген, екі жағы қараңғы бейне бір созылған сымдай жайылған жарық. Бұл жарық аз уақыт ішінде жоғалып, орнын қараңғылық басады. Осыдан кейін екінші таң атады. Осы бірінші таңға, таң уақытының кіргенін көрсетпегендіктен әрі жалған жарық болғаны үшін «жалған таң» деп аталады. Бұл таң - түннің жалғасы. Бұл уақытта құптан уақыты шықпайды да, таң намазы кірмейді де. Ораза ұстайтындар осы уақытта ішіп-жеулеріне болады. Бұған мына хадис дәлел:

Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Таң (шапақ) екеу. Біріншісі - бамдат намазын оқуға болмайтын, бірақ ішіп-жеуге болатын жалған шапақ. Екіншісі - ішіп-жеуді харам, таң намазын оқуды адал еткен таң шапағы». «Таң намазының уақыты - екінші таңның атуынан күннің шығуына дейінгі мезгіл». Күн шыққаннан бастап, түскі уақытқа дейінгі мезгілде - ешқандай парыз намаз міндеттелмеген аралық уақыт.

Таң намазын айнала көрініп жарық болған кезде оқу - мұстахап.Таң намазының ерекшеленетін себебі: Аллаһ Құранда: «Күн ауғаннан түннің қараңғысына дейін намазды толық орында, әрі таң намазын оқы. Өйткені таңғы оқуға (күндізгі және түнгі періштелер) қатысады», -деп баяндаған. Сонымен қатар, Абу Хурайра (р.а) риуаят еткен, Пайғамбар (с.ғ.с): «Сендерге түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен аср намазында жиналып, сосын сендермен түнде бірге болғандар көкке көтеріледі. Сонда Алла олардан жақсы біліп тұрса да: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?» - деп сұрайды. Ал олар: «Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ олар біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді», - деседі», - деген (Имам Бухари, имам Муслим). Таң намазына Аллаһ Тағала және періштелер куә болады. Бұл таң намазының дәрежесі өте биік екенін білдіреді. Сондай-ақ, таң намазы басқа намаздардан бөлінуімен ерекшеленеді. Өйткені онымен құптан (иша) намазының арасын түннің ақырғы бөлігі бөледі және онымен бесін намазының арасын күндіздің бірінші жартысы бөледі.Өйткеніқұптан (иша)намазының уақыты түннің жартысы болғанда бітеді де, ол уақытта парыз намазы жоқ тек тахажжуд намазы бар. Ал күн шыққаннан түс ауғанға дейін де парыз намазы жоқ, ол уақытта тек дұха намазы бар, осыған орай таң намазы өзінен алдыңғы және кейінгі намаздармен байланысы жоқ, тек өзіне арналған жеке уақытта оқылуымен ерекшеленген. Жоғарыдағы аяттан алынатын пайдалардан - намаздың дұрыс болуының шарттарына уақыттың кіруі жатады және ол намаздың парыз болуының себебі, өйткені Аллаһ намазды осы аталған уақыттарда өтеуге бұйырды. Сондай-ақ, үзірлі жағдайда бесін мен асыр және ақшам мен құптан намаздарын қосып оқуға рұқсат етіледі, өйткені Аллаһ Тағала олардың уақыттарын барлығын қосып айтты. Сондай-ақ бұл аят таң намазында құранды ұзағырақ оқуға дәлел етеді, өйткені Аллаһ тағала таң намазын таңғы оқу деп атады, және намаздағы құран оқу-оның бір рүкіні екенін білдіреді. Өйткені егер ғибадат оның кейбір бөліктерімен аталса, ол оның парыз екендігін білдіреді. Таң намазы мен асыр намазының артықшылықтары көп жерде бірге айтылған: Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім әл-бардайнды (асыр мен таң намазын) оқыса жәннатқа кіреді», - деп айтқан. Бұл екеуінің «әл-бардайн», яғни суық деп аталу себебі, екеуі де күннің суыған кезінде оқылады. Таң намазы түннің суыған ақырғы уақытында келсе, асыр намазы күннің ыстығы азайып салқындаған уақытында кейін келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) басқа хадисінде бұл екі намаз жайында: «Күннің шығуынан және оның батуынан бұрын намаз оқыған адам тозаққа кірмейді», - деді. Яғни таң намазы мен асыр намаздары. Бірінші хадисте бұл екеуін оқыған адам жаннатқа кіретін болса, екінші хадисте ол тозақтан құтылады делінді. Бұл нәтиже Аллаһ Тағала Құранда айтқан аятына тура келеді: «Кім оттан құтқарылып, жәннатқа кіргізілсе ақиқат бақытқа жетеді».



http://hibatulla.kz/ru/art_28.html

0 дауыс

ТАҢ НАМАЗЫ

Екі сүннет, екі парыз – барлығы төрт рәкағат. Алдымен сүннет, содан кейін парыз оқылады.

Таң намазының сүннетінің оқылуы:

Бірінші рәкағат:

1) Аяқтардың арасы төрт елі болатындай ашық және башпайлардың ұшы құбыла жаққа қарау керек.

Ниет:

2) “Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының сүннетін оқуға” деп ниет етіледі.

Ифтитах тәкбірі:

3) “Аллаһу әкбар” деп ифтитах тәкбірі айтылады.

(Ер адамдар тәкбір айтқанда, алақандары құбылаға қарайды, саусақтарының арасы шамалы ашық болады. Бас бармақтар, құлақ ұшы-ның деңгейіне келетіндей қолдарын жоғары көтереді).

(Әйел адамдар тәкбір айтқанда, алақандары құбылаға қарайды, саусақтарының арасы шамалы ашық болады. Саусақтары көкірек дең-гейіне келетіндей қолдарын жоғары көтереді).

Қиям:

4) Тәкбірден кейін қолдарын байлайды. Тік тұрғанда сәжде қылатын жерге қарайды.

(Ер адамдар оң қолының алақаны сол қолының үстінде және оң қолының бас  бармағы мен кішкентай саусақтары сол қолының білегін қапсырып, қолдарын кіндігінің астына байлайды).

(Әйел адамдар оң қолын сол қолының үстіне қойып және қолда-рын көкірегінің үстіне байлайды).

Қирағат:

5) Түрегеп тұрғанда рет-ретімен: а) Субханәкә; ә) Әғузу – бисмиллаһ; б) Фатиха сүресі; в) Құраннан бір сүре оқылады.

Рүкуғ:

6) “Аллаһу әкбар” деп рүкуғқа еңкейіп, үш рет “сүбханә раббил-азим” делінеді. Рүкуғтан тұрғанда аяқтардың ұшына қарайды.

(Ер адамдар рүкуғта саусақтарын ашып, алақанымен тізелерін ұстайды, арқасы түп-түзу болуы керек. Тізелері мен шынтақтарын түзу ұстайды).

 (Әйел адамдар рүкуғта иықтарын біраз иіп, ер адамдарға қарағанда біраз иіліңкіреп тұрады. Саусақтарын ашпай, қолдарын тізелерінің үстіне қояды әрі тізелерін біраз бүгіп тұрады).

Рүкуғтан тұру:

7) “Сәмиға Аллаһу лимән хамидәһ” деп рүкуғдан тұрады, тік тұрып “Раббәнә ләкәл хамд” дейді.

Сәжде:

8) “Аллаһу әкбар” деп сәждеге барады. Сәждеге барарда алдымен тізе, қол, содан кейін маңдай және мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында және бірдей деңгейде болады. Сәждеде болғанда екі аяқ көтерілмейді, мұрынға қарайды. Үш рет “сүбхана раббил-ағлә” дейді.

(Ер адамдар сәждеде шынтақтарын бүйірінен ұзақ және білектерін жерден жоғары ұстайды. Аяқтары башпайлардың үстінде тік ұсталып, башпайдың ұштары құбыла жаққа қарайтындай етіп қойылады).

(Әйел адамдар сәждеде қолдарын бүйіріне жабыстырып, аяқтарын башпайлардың үстіне тік ұстап, башпайларының ұштарын құбыла жаққа қарайтындай етіп қояды).

Екі сәжде арасындағы отырыс:

9) “Аллаһу әкбар” деп басын көтеріп тізерлеп отырады. Отырған кезде саусақтарын тізенің деңгейіне келетіндей сандарының үстіне қояды және сәжде орнына қарайды. Бұл кезде “сүбханалла” дейтіндей аз ғана уақыт отырады.

(Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп, үстіне отырады, оң аяқ башпай-лары құбылаға қарайтындай тік ұсталады).

(Әйел адамдар аяқтарын жатқызып, оң жаққа қарай созып отыра-ды).

10) “Аллаһу әкбар” деп екінші рет сәждеге жығылады және үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.

11) “Аллаһу әкбар” деп сәждеден екінші рәкағатқа тұрып қолын байлайды. Сәждеден  көтерілгенде әуелі бас, содан кейін қолдар, сонан соң қолдарын тізеге қойып тізелерін жерден көтереді.

Ифтитах тәкбірінен бастап осы жерге дейін  жасалғандар “бір рәкағат” болып есептеледі.

Екінші рәкағат:

1) Түрегеп тұрғаннан кейін рет – ретімен: а) Бисмиллаһ ә) Фатиха сүресі; б) Құраннан бір сүре оқылады.

2) Бірінші рәкағаттағыдай “Аллаһу әкбар” деп рүкуғқа барады да үш рет “сүбхана раббил – азим” дейді.

3) “Сәмиғаллаһу лимән хамидәһ” деп тұрады, толық тік тұрғаннан кейін “Раббәнә ләкәл хамд” дейді.

4) “Аллаһу әкбар” деп сәждеге жығылады да үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.

5) “Аллаһу әкбәр” деп сәждеден тұрып тізерлеп отырады. “Сүбханаллаһ” дейтіндей уақыт отырады.

6) Содан кейін “Аллаһу әкбар” деп екінші рет сәждеге жығалады да, үш рет “сүбхана раббил -ағлә” дейді.

Намазда соңғы отырыс:

7) “Аллаһу әкбар” деп сәждеден басын көтеріп отырады. Отырған кезде қолдың саусақтарын тізенің деңгейінде келетіндей санның үстіне қояды да, алдына қарайды.

(Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп үстіне отырады, оң аяқтың сау-сақтарын құбылаға қаратып, тік ұстайды) .

(Әйел адамдар аяқтарын жатқызып, оң жаққа қарай созып отыра-ды).

8) Отырған кезде рет-ретімен: а) “Әттәхияту” ә) “Аллаһүммә салли” б) “Аллаһумма барик” в) “Раббәнә әтинә...” дұғалары оқылады.

Оң жаққа сәлем беру:

9) Әуелі басын оң жаққа бұрып “Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһ” дейді. Сәлем берген кезде иығына қарайды.

Сол жаққа сәлем беру:

10) Содан кейін басын сол жаққа бұрып “Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһ” дейді. Осылайша екі рәкағат намаз аяқталады.

Таң намазының парызының оқылуы:

Таң намазының парызы да екі рәкағат сүннеті сияқты оқылады. Сүннеттен айырмашылығы парыз үшін ниет етіліп, ер адамдардың қамат айтуында.

Таң намазының парызына былай ниет етеді:

“Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға”.

Ақпарат islam.kz сайтынан алынды.

+1 дауыс
Тан намазын да 3:46 кетткен де оки ма или 5:32 кетткен де оки ма?
Канша ракат окимын 4 па?
иа 4 рәкат. Уақытын діни басқарма рұқсат берген сайттардан қара.
...