+1 дауыс
2.4k көрілді
Сарыарқаның қалай құрылғанын толығырақ айту. Жауап тез болуы керек.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Батысы Торғай ойпатына тіреліп, шығысы Қара Ертіске еңкейіп барып тоқтайтын, түстігін Балқаштың көгілдір толқындары шайып жатса, терістігі көк Есілмен көмкерілген ұлан-ғайыр Сарыарқа сан ғасырлардан бері қазақ деген бұла халықтың құтты қонысы болып келеді. Тарихқа жүгінсек, осынау далада адамзат дамуының ұлы көшіне ықпалын тигізген талай оқиға мен құбылыстың өткеніне куә боламыз.

Орталық Азияға, соның ішінде Сарыарқа жеріне, адам баласының қоныстана бастағаны шамамен 1,5-1 млн. жылдар бұрын болған. Ең көне ескерткіштер: адамдардың тұрақ қоныстары, тас қару-жарақтары, жартасқа қашап салған суреттері осы межені көрсетеді.Балқаш көлінің солтүстік жағасы, Бетпақ шөлінен бері қарайғы аймақ Қарқаралы, Бұғылы мен Тағылы, Нұра-Сарысудың бойы, одан әрі Баянауылға, тіпті Көкшетауға дейінгі Сарыарқаның тұла бойы тас ғасырының айғақтарына толы.

Ортаңғы қола дәуірінің қыш бұйымдары

Ежелгі палеолиттің адамдары Орталық Қазақстан өңірінде, байтақ жатқан Сарыарқада шель-ашель дәуірінің соңын ала пайда болды. Оның археологиялық айғақтары Қарағанды облысының Обалысай, Мұзбел, Талдысай, Жаман Айбат, Қосмола Қызылжар деп аталатын жерлерден табылған. Көптеген зерттеушілеріміз бұл айғақтарды осыдан 100-40 мың жыл бұрынғы орталық палеолит немесе мустьер дәуірінің адамдары тұтынған дейді. Ғалым тілінде неандерталь адамы деп аталатын адамдар. Археологиялық ескерткіштер Орталық Қазақстан жерін, соның ішінде Қарағанды аймағын палеолит дәуірінде-ақ адам мекен еткеннін аңғартады. Олар аң, балық аулап, қоректік өсімдіктермен күнелткен. Садақ пен жебені, сондай-ақ найзаны қолданған. Неолит дәуірінде егіншілік негіздері пайда болған. Бұл кезеңнің жұрты Бұқпа өзені бойынан, кейінгі неолит қоныстары. Зеленая Балка (қазіргі Доскей ауылы) тұрағынан табылды. Қола дәуірінде аймақтың ежелгі халқы негізінен мал бағумен айналысқан, егін де салған. Бұл Суықбұлақ (Қарқаралы) қонысы мен ежелгі жер суару жүйесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан көрінеді. Б. э. д. II-ші мыңжылдықтың басында Сарыарқаны қоныстанған тайпалар ішінде металлургиямен айналысатындары шықты. Жер бетіне жақын орналасқан түсті металдың бай қоры – алтын, мыс, қалайы адам қаракетіне жарады. Орталық Қазақстанда қола өндірісі өмірге келді. Қазақстан тарихының б. э. д. II-ші мыңжылдығын қола дәуірі деп атау тікелей осыған байланысты. Ол дәуірдегі адамдардың тіршілік салтын комплексті деп атауға дәл келеді, себебі бір жерде мал шаруашылығы да, егіншілігі де, сонымен бірге кен өндірісі де қатар дамыды. Бегазы (Ақтоғай ауданы), Дәндібай (Топар поселкесінің маңайы) зираттық кешендер атымен аталған, б. з. б. X–VIII ғасырларда осы күнгі облыс жерінде бірегей Бегазы–Дәндібай мәдениеті өркендеген. Малшылықпен қатар бұл өңірде кен қазу және металл қорыту тайпалардың өндіргіш күштерін дамытуда аса маңызды роль атқарды. Жалпы Бегазы – Дәндібай заманындағы тайпалар мәдениетінің басты ерекшілігі ескі қола мәдениетінің түрлері құлпыра өзгеріп, соның негізінде оған ешбір ұқсамайтын мәдениет қалыптасқан. Қазақ халқы ертеде көшпелі өмір сүрген. Орта жүз қазақ рулары қыста Сырдарияның арғы жағасында өткізсе, жаз жайлауға Сарыарқа деп, аңсап-сағынып Орталық Қазақстанға асыққан. Бұл шаруашылық-мәдени үрдіс Бегазы-Дәндібай заманында пайда болды.

Орталық Қазақстанды мекен еткен алғашқы тайпалар мен тайпалық одақтар жалпылама түрде «сақ» деп аталды. Тарихи дамудың барысында көне тайпалар мен тайпалық одақтар орнына жаңа тайпалар пайда болып, олардың аттары да өзгеріп отырды. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына және феодалдық қатынастардың қалыптасуына жеткізді. Біздің заманымыздың VIII-XI ғасырларында бұл өңірде көне сақтар мен көк түріктердің ізін басып қимақтар мен қыпшақтардың қуатты бірлестігі – Қимақ қағанаты ғұмыр сүрген. Ұлы әкімшіханның ордасы Орта Ертіс өңірінде тігілген. Қағандық құлағаннан кейін, II ғасырдың 1-жартысында оның орнына Дешті Қыпшақ мемлекеті құрылды.

...