0 дауыс
9.5k көрілді

Қобыланды батыр жырын сюжеттік - композициялык құрылысын талдаңдар.

Пж помагитеоалповосоаоалоаcheeky

1 жауап

0 дауыс

Эпикалық жырлардың бірі -"Қобыланды батыр" жырының композициялық құрылысы, сюжеттік элементтері бір-бірімен байланысты.

Композиция құрылысы -мазмұн болса, сюжет- пішін болып табылады.

Тақырып пен идеяның бірлігі тәрізді ."Композициялық тұтастық, бүтіндік жоқ жерде сюжет те жоқ. Сюжет сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен композицияға тән бірлік,"-дейді З.Қабдолев "Сөз өнері" еңбегінде берген анықтамасында. (185-бет)

"Қобыланды батыр" жырының композициясы мен сюжетін талдамас бұрын әдебиет теориясы бойынша бұған анықтама бере кетейік.

Композиция дегеніміз латынша құрастыру, қиыстыру деген мағынаны береді.

Көркем шығарманың құрылысы,яғни шығарманың оқиғасы, тілі, автор сөзі, кейіпкер пішіні, кескін-келбеті, мінез-құлқы, сөйлеген сөзі,жалпы алғанда, қажетті материалдардың бірлігі.Композиция кез келген шығармада болады.

Сюжет дегеніміз французша зат деген мағынаны береді.

М.Горькийдің сөзімен айтқанда:" Сюжет дегеніміз—адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсуі, жасалу тарихы."

"Қобыланды батыр" жырында оқиғаның дамуы оған қатысушы адамдардың өзара байланыста, қарым-қатынаста, күрес, тартыстарда болатынын көреміз.

Қимыл, іс-әрекет, талас-тартыс үстінде әркімнің мінезі, наным-сенімдері, күйініш-сүйініштері айқындалады және сол адамдардың қарым-қатынастарына жырды бізге жеткізуші,айтушының қалай қарайтын ойы, көзқарасы да сезіледі.Осылардың бәрін бір сөзбен шығарманың сюжеті деп атайды.

Сюжеттің ұзын-қысқалығы шығарманың көлеміне байланысты және сюжетте кездесетін композициялық негізгі элементтер шығарманың ұзын-қысқалығына қарамастан бәрінде де бола береді.

Сюжеттің негізгі элементтері:

1. Экспозиция-түсіндірме-шығарманың жай-жапсарын таныстыру мақсатында айтып, негізгі әңгімеге көшеді.

2. Связка-байланыс-шығармадағы оқиғаның неден басталғанын және келешекте оқиғалардың үзіліп қалмай, бірі мен бірінің жалғасып отыруын айтады.

3. Мотивировка-дәлелдеу-көркем шығармада дәлелденбейтін бірде-бір амал, әрекет, оқиға болмайды. Ісімен және сөзімен де дәлелденеді. Көркемдік-шындықта. Шығармадағы образға психологиялық, оқиғаға логикалық дәлел қажет.

4. Ситуация-жағдай-шығармадағы кейіпкерлердің қарым-қатынастары, күрес, тартыстарының нәтижесінде әр түрлі эпизодтарда кездесетін жағдайларды айтады.

Жағдайды конфликт-тартыс, коллизия-ала ауыздық, талас деп те атап жүр.

5. Интриградация-шиеленісу-шығармадағы оқиғаның шытырманданып, қиыннан-қиысуын, бірден-бірге асқына түсуі.

6. Кульминация-шарықтау шегі-шыңы,биігі.Шығармадағы оқиғаның тұйыққа тірелген жері. Автордың айтайын деген ойына сәйкес, оқушылардың көңілін

аударайын деген оқиғаны айтамыз.

7. Развязка-шешуі-шығармадағы суреттелген оқиғаның, қатысушылардың іс-әрекеттерінің, тартыстарының немен тынғандығын баяндауды айтамыз. Шығарманың шешімі шығарманың идеялық мазмұны мен автордың көзқарасына байланысты.

"Қобыланды батыр" жырының басында жыршының айтуымен сексенге жасы келген Тоқтарбай мен елудегі Аналық бәйбішенің баласыздықтан қайғымен қан жұтып, ақылынан адасқан, қабырғасы қайысқан кезде бір ұл,бір қыз көріп, қуанышқа кенелгенін көреміз.

Ұлының аты-Қобыланды, қызының аты-Қарлығаш. Алты жасқа келгенде басында кәмшат бөркі, үстінде қамқа тон, астында тобылғы торы ат, қолында қаршыға, соңынан ерткен тазысы бар арыстан туған Қобыландыны Тоқтарбайдың тоқсан құлы бағатын жылқы қосында кездестіреміз.Алты жастағы Қобыландының қимылынан таулар күйіп, тас жанғанын, тоқсан құлдың бастығы Естеміс ердің тәрбиесінде болғанын, жауын жаулап, аңын аулап бір тауда қонып жатқанын білеміз.Осы оқиғалардың бәрі автор атынан, яғни жыршы атынан шығарманың негізгі оқиғасына сілтеме жасау болып табылады.Мұны авторлық кіріспе-пролог деп атайды.

Мұнан әрі Қобыланды басынан өтетін оқиғаның басы басталады.

"Бұл не қылған дауыс? - деп сұраған балаға Естеміс бұл таудың арғы бетінде Қызылбастың елі барлығын, Көктім аймақ ханы барын, оның Құртқа деген қызы барын, ай астындағы бақанға қағылған алтын теңгені атып түсірген Құртқа сұлуды алатынын айтады.

Барғысы келген бала Естеміс ерден батасын сұрап барса, атып түсіретінін білдірсе, Естеміс Құртқа сұлуды сырттай қорып жүрген қырық бес кез Қызыл ер бере қоймас деп қорқынышын айтып жібергісі келмейді.

Қобыланды өз айтқанынан қайтпай Естемістің батасын алып, үстіне сауыт киіп, жанына болат семсер байлап, беліне садақ іліп, тобылғы меңді торы атты мініп, Көктім аймақ ханына келіп, кезегін бергенде, ай астындағы теңгені екі бөліп ұшырып түсіреді.

Құртқа батырды көріп ұнатып, отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізеді.

Қырық бес кез Қызыл ер:"Меніменен күресіп, жықса алар, аты-тонын олжалап аман қайтса, жарар" деп Қобыландыны менсінбей сәлем айтады.

Қобыланды "артында жау қалдырмаймын" деп, Қызыл ерге келсе, ол "аяғыммен күрес" деп, аяғын береді.Қобыланды батыр алпыс құлаш ала арқанмен бір аяғын іліп алып, торы атқа сүйретіп өлтіреді.

Қобыланды жауын жеңіп, Құртқаға қосылып, батырлықтың алғашқы баспалдағынан өтеді.

Міне, бұл сюжет элементінде шығармадағы оқиғаның жай-жапсарын таныстыру мақсатында айтып, негізгі оқиғаға қарай көшеді мұны экспозиция-түсіндірме деп атайды.

Оқиға желісінде "Қобыланды батыр" жырының талдауын осылайша әрі қарай жалғастыра береміз.

Көктім аймақ ханы қызы Құртқаны қырық түйеге артқан қазынаға қосып, ішін алтындатқан, сыртын күмістеткен ақ отауымен аттандырады, ұзатады.

Қобыланды Көктімге сәлем беріп келіп, өзіне енші сұрайды. Көктім аймақ атасы: "Төбеңдегі төрт бұлтты бердім, жазда күн жақтан, қыста жел жақтан жау келсе, жау жақта тұрады,"-осы еншің деп, қоштасып аттандырады.

Көшке кездескен қалың жылқы ішінен Құртқа күймеден басын шығарып, жусап тұрған көк ала биені көріп, көк ала бие ішінде көк бурыл құлын барлығын Қобыланды батырға айтып, мені берсең де, сұрап ал деп өтініш, тілек білдіреді.

Қобыланды немере туған ағасы Сәлімбай байға тоқсан құлының басшысы Қара Көжекті жіберіп, Құртқа келінінің көрімдігіне көк ала биені берсін деген сәлем айтып, Сәлімбай ағасынан көк ала биені қалап алады.

Көк ала бие құлындап, Буырылды Құртқа өзі бағады. Тайдан құнан шыққанда, тұяғы тасқа тисе, көмірдей жаныштайды.Алты жасқа келгенде, алтыннан тұрман жасатып, батырға арнап найза, алмас қылыш соқтырады. Құртқа Буырылды баласындай тәрбиелеп, кекілін, жалын тарап, күннен-күнге атқа қылған еңбегі көбейеді. Аттың толық сыны беріледі.

Біз біліп отырған осы оқиғалардың бәрі тұтаса келіп,"Қобыланды батыр"

жырының байланысын -связкасын- құрайды.

Оқиғаның неден басталғанын және келешекте үзіліп қалмай бірі мен екіншісінің жалғасуын Құртқа көшінен бастап Бурылды бағып-қаққан аралықтан тұтас көреміз.

Эпикалық жырдағы оқиға Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып, Ноғайлының жерін, Қырлы және Сырлы қалаларын алғанын, оған қарсы Қияттан шыққан Қараман батырдың Қараспан тауын жайлаған қалың қыпшақ елінің батыры Қобыланды еріне келгенін білеміз.

Ел шетіне келген көп қолдың Естеміс арқылы білгенде жау емес өзінің құрдасы Қараман екенін біледі.

Сейілдің ұлы Қараман өзінің Қазанға қарсы соғысқа кетіп бара жатқанын, Қобыланды сынды батырды серік болып бірге соғысуға шақыра келгенін айтады.

Қобыланды батыр мінетін аты қолында тұрған жары Құртқаға бұл сапарға барар-бармасымды айтсын деп, Естемісті Құртқаның отауына хабарласуға жібереді.

Ел жата Қобыланды батырдың қасынан шыққан Естеміс Шолпан жұлдыз батып, таң сарғайып атып келе жатқан мезгілде Құртқаның отауына жетеді.Таң атып, күн шықпай-ақ Құртқаға батырдың сәлемін сыртта тұрып, ат үстінде жеткізеді. Құртқа Буырылдың қырық үш күндік кемдігі бар, тілімді алса, бұл сапарға бармасын деп сәлем айтады.

Қобыланды Құртқаның ақылын жөн көріп, бағып тұрған баласы, күтіп тұрған анасы, өзі әйелдің данасы Құртқаның тұлпар туған Буырылдың қырық үш күн кемдігін айтып, сәлем айтқанын, сондықтан бұл жорыққа бара алмайтынын айтады.

Қараман жөн сөзді тыңдамай, Қобыланды батырға:

«Әр талапқа шығарда

Қатынға ақыл салған соң,

Қатынның тілін алған соң,

Неше батыр болса да,

Арыстан туған,құрдасжан,

Ол-қатын емей немене!?»-

деп намысына, арына тие сөйлейді.

Қараман сөзінен кейін Қобыландының портретін былайша береді:

Тері тамып иектен,

Түгі шығып білектен,

Жаны бір тулап жүректен,

Өтіп бір кетті сүйектен,-

деген суреттеу арқылы барынша ашуға булыққан, қаһарға мінген кескін-кейпін көз алдымызға келтіреді.

Сюжеттің анықтамасына қарап отырып, біз тағы да бір элементін шығармадағы осы оқиғаларға байланысты табамыз.

Жоғарыда келтірілген оқиғалар желісін мотивировка-дәлелдеу деп білеміз.

Көркем шығармада дәлелденбейтін бірде-бір оқиға болмайды, бірде-бір амал, әрекет болмайды. Кейіпкердің ісімен және сөзімен де дәлелденеді.

Оқиғаға логикалық дәлел қажет те, образға психологиялық дәлел қажет.

Қазанның ноғайлы жеріне шабуылы Сейілдің ұлы Қараманды жорыққа бастап шықса, Қараман Қобландыны бірге аттануға қолқа салып отыр.

Қобыланды батырдың жан серігі тұлпар Буырылдың қырық үш күндік кемдігі Құртқа сөзімен дәлелденіп, жорыққа батыр дайын еместігі көрінсе, Қараман сөзі Қобыланды батырдың намысына, арына тиіп ашындырады. Бәрінің де дәлелі бар, айқын, анық дәлел.

Толығырақ: https://infourok.ru/obilandi-batirzhirini-kompoziciyali-rilisi-1083455.html

...