Дала өркениеті - түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақтардың материалдык жəне рухани құндылықтарының даму сатысы; этномəдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне əр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1999-188ә) мен Ф.Энгель оны адамзат дамуындағы жоғары, жазусызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" ұштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға əсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды.