0 дауыс
31.2k көрілді
Баланың туғанына 1 ай болды. Күніне 1 не 2 рет сап-сары қылып құсады. Ол неден болады?

2 жауап

0 дауыс

Диарея мен құсу қауіп тудыра ма?
Құсу мен диарея (іш өту) қауіп тудырады, себебі ол жағдайлар ағзаның сусыздануына
әкеп соқтырады. Сусыздану ағзадағы көп мөлшердегі сұйықтықтың жойылуына себеп
болады. Жас балалардың құрғауы тез дамиды, алайда ол кез-келген жаста да адамды
мазалауы мүмкін.

Құсу мен диареяның туындауына не себеп болады?
Құсу мен іш өту бір қатар вирустық, бактериалық, паразиттік аурулардың симптомдары
болуы мүмкін, сондай-ақ, кейбір аурулардың қалдығы, не болмаса, дәрілік
препараттардың жанама әсерлерінен де орын алуы ғажап емес. Дұрыс қайнатылмаған
азық-түліктен (құрамында тәттілігі мол), және піспеген ет немесе балықтан да іш өту мен
құсу болып жатады.

Ағзаның сусыздануын қалай тоқтатса болады?
Кез-келген адам іші өтсе немесе құсса жоғалған сұйықтықтар мен электролиттердің орнын
толтыруы керек.

Емшектегі сәбилер үшін: Егер сіз балаңызды емізіп жүреңіз, ары қарай да емізуді

жалғастыра беріңіз. Ана сүтінің құрамында құрғауды болдырмайтын сұйықтықтар
мен электролиттер бар. Сондай-ақ бұл жағдайда, дәрігер де балаға ауыз арқылы
берілетін қажетті ертінділерді қабылдауды ұсынуы мүмкін. Егер балаңызды
жасанды сүт түріндегі тағамдармен қоректентіріп жүрсеңіз, іші өткенде немесе
құсу мазалағанда құрамында лактозы жоқ қоспалармен азықтандырыңыз. Себебі,
лактоза іш өтуді жеделдетеді. Сүтті қоспалар мен ауыздан берілетін ертінделерді
балаңызға бергеннен кейін 12-24 сағат өткенде, өзгерістер жайында дәрігермен
кеңесу өткізіңіз.

Жас балалар үшін: ауыз арқылы берілетін регидрация ертіндісін пайдаланыңыз.

Құрамында: тұз, қант, калий сияқты басқа да сұйықтықтың жойылуына кедергі
келтіретін ішетін заттарды ішкізіңіз. 1 жастан асқан балаларға құрғауын болдырмау
үшін сорпа мен шырынды сумен араластырып беріңіз. Балаңызға табиға су мен
сусынды берудің қажеті жоқ. Жай судың құрамында сусыздануды тоқтататын
сұзды және қажетті заттар жоқ. Сусынның құрамында, негізі, қант көп болады, ол
баланың асқазанын тітіркендіреді.

Құсу мен диареяны тоқтату үшін дәрілік препараттарды қолдану керек пе?
Әдетте жоқ. Негізі құсу мен іш өту өздігінен тез кетеді. Құсу мен іш өту кезіндегі
инфекция ағзаның қорғаушы реакциясы болып табылады. Ол инфекциялық агентке қарсы
бағытталған ағзаның бөліндісі. Құсу мен диареяны тоқтататын дәрілерді қабылдағанда,
олар ағзаның өзін қайта қалпына келтіруін кейіндетеді. Антибиотиктерді де қолданудың
қажеті жоқ. Егер өзіңізге, болмаса, балаңызға дәрілік препараттарды беру керек болса,
дәрігермен ақылдасыңыз.

Мен баланың бойында сусызданудың басталғанын қалай білсем болады?
Балаңыздың бойындағы сусызданудың басталғанын бірден анықтау қиын. Әдетте,
сусызданудің бастапқы белгілерін біліп болғанша, бұл ауру, бірден ауыр сатысын шығып
кетуі ықтимал. Әсіресе, нәрестенің не жас баланың аздаған сусыздануын байқасаңыз,
бірден дәрігерге хабарласыңыз. Егер науқас сусызданудың ауыр түріне тап болып, құсу
мен іш өтудің салдарынан көп мөлшерде сұйықтық жоғалтатын болса, оған ішіне арнайы
сұйықтықтарды қабылдау керек болады.

Сусызданудың симптомдары

Несебі күңгірттеніп, ағзадан бөлінуі азаяды;

Несепағары ұстап қалады (оны баланың күніне жөргегін 6 рет ауыстырумен

есептеуге болады, ал жас балалардікі күнініне 8 рет);

Шөлдейді (бала шөлдеп, мазасызданып, жылауы мүмкін);

Тітіркене береді;

Тәбеті болмайды;

Салмағы түседі;

Аузы құрғай береді;

18 айдан кіші балалардың еңбегі қатайып қалады;

Терінің жабысқақтығы, серпінділігі жоғалады;

Ұйқышыл келеді.


Дәрігерге қашан қаралу керек?
Балаңыздың бойында іш өту мен құсу өршіп келе жатса, немесе баланың құсуы мен іші
өтуі ұзаққа саозылса дәрігерге хабарласыңыз:

Нәресте 6 айға толмаған болса;

6 айдан асса, бірақ дене қызуы 38 0 С – тан жоғары болып тұрса;

Сусызданудың белгілері байқала бастаса;

Құсуы 8 сағаттың ішінде тоқтамаса, және сізге бағынбайтын мінез –құлық танытып

жатса;

Үлкен дәретімен қан араласып шықса;

Құсығымен қан араласып шықса;

8 сағаттан артыұ кіші дәретін сындырмаса;

Бірдеңе жұтып алса, немесе улы бірнәрсе жеп алса;

Бұлшық еттірі қатайып, басы ауырып тұрса;

Бала ұйқышыл болып, бойкүйезденіп қалса;

2 сағаттан артық іші ауырып жыласа

- дәрігерге хабарласқаныңыз
жөн.

Дәрігерге мына сұрақтарды қойсаңыз болады
- Құсу мен іш өту басқа да аурулардың симптомдары болуы мүмкін бе?
- Қандай дәрілік препараттар құсу мен іш өтуге қарсы қоллданылады?
- Егер менің баламның асқорту жүйесі уланған болса, оны қалай анықтаймын?
- Менің баламның іші жиі өтеді, ол алаңдайтын жайт па?
- Менің баламның іші кейде өтеді, ол алаңдатарлық жайт па?
- Менің балам құсқанда және іші өткенде ешнәрсе жемей қояды, ол кезде не істесем
болады?

Толығырақ: https://anamed.kz/tiki-read_article.php?articleId=631

0 дауыс
Тезірек дәрігерді үйге шақыртыңыз немесе барыңыз. Бір айлық баланы интернеттегі кеңестермен емдеу дұрыс емес.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...