Табиғатта дененің қозғалыс траекториясы қисықсызықты болатын жағдайлар жиі кездеседі. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, Жердің Күнді айнала қозғалысы, велосипед және автомобиль доңғалақтарындағы нүктелердің қозғалысы қисықсызықты болады. Мұндай қозғалыстар айнымалы болады, себебі қозғалысты сипаттайтын шамалар өзгеріп отырады. Егер қозғалыс жылдамдығының модулі тұрақты болса, қозғалыс бірқалыпты қисықсызықты деп аталады. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысты қарастырайық. Мұндай қозғалыс түзусызықты қозғалыс кезіндегідей орынауыстыру, жылдамдық, үдеу т.б. кинематикалық шамалармен сипатталады.
Қисықсызықты қозғалыс – траекториясы қисық сызық және шеңбердің доғасы болып келетін қозғалыс.
Сызықтық жылдамдық – бірлік уақыт ішінде дененің жүрілген жолын көрсететін физикалық шама. (м/с) – шеңбердің жанамасы бойымен бағытталады, яғни шеңбердің әр нүктесінде бағыт өзгеріп отырады.
Бұрыштық жылдамдық – бірлік уақыт ішіндегі бұрыштық ығысуды көрсететін скаляр шама. ω (рад/с); φ (рад) – бұрыштық ығысу (бұрылу бұрышы). Радиан – доғасының ұзындығы радиусқа тең болатын центрлік бұрыш
, φ – бұрыштық ығысу, t – уақыт.
, R – шеңбер радиусы [R] = м.
, T – период [T] = c. Периолд секундпен өлшенеді. = 3,14.
Период – дененің шеңбер бойымен толық бір айналым жасауына кеткен уақыт:
, – жиілік.
Жиілік – бірлік уақыт ішіндегі тербелістің саны:
, Гц (Герц) жиілік Герцпен өлшенеді.
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс үшін:
x=−b±b2−4ac2a
Центрге тартқыш үдеу (шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс кезінде)
– (шеңбердің центріне бағытталған, жылдамдық бағытының өзгерісінен туады)
x=−b±b2−4ac2a
Шеңбер бойымен бірқалыпсыз қозғалыс
– центрге тартқыш үдеу (жылдамдық бағытының өзгерісін сипаттайды)
– тангенциал үдеу (жылдамдық модулінің өзгерісін сипаттайды)
x=−b±b2−4ac2a
Толығырақ: https://itest.kz/kz/ent/fizika-2627/mehanika-kinematika-dinamika/lecture/shengber-bojymen-qozhalys