0 дауыс
8.0k көрілді
1916 жылғы Қазақ халқы көтерілісі

1 жауап

0 дауыс

Жеңілу себептері. Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері – оның бытыраңқылығы, көтеріліс ошақтары арасындағы байланыстың жеткілікті болмауы, патша үкіметінің қарулы жазалаушы күштерінің басымдылығы еді.

Қазақ зиялылары қатарында бірлік болмады. Олар екіге бөлініп, революцияшыл радикалды бағыттағы Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С. Сейфуллин, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин сияқты тобы қарулы күрес жолын таңдады. Ал ұлттық-либералдық бағыттағы Алаш зиялылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы бастаған топ елді қантөгістен сақтау үшін патша үкіметімен тіл табысу жолдарын іздеді, күрестің бейбіт саяси әдістерін жақтады. 1916 жылғы көтерілістен кейін іле-шала жүргізілген жазалау шаралары, мыңдаған адамдардың қаза табуы бұл қауіптің орынды болғандығын растайды.

Дегенмен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы зор, халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуіне, өз еркіндігі үшін күрес жолында кемелдене түсуіне ықпал жасады. Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол – 1916 жылы қазақ зиялыларының көсемдері, яғни ұлт – азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады ? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне қарсылық көрсете алмай, тағыда қырғынға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны – халық көтерілісін тоқтату мүмкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады.

 Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жыл 27 ақпанда бас – аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі кейбір зерттеушілер тарапынан болашақ «Алаш» партиясының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары пікірлерге дейін барды. Алашордалықтардың көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді. Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман – есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгер т.б.) серіктерімен бірге майданға (реквизициаланғандармен) атанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге оралуы екі талай еді.

Толығырақ: https://e-history.kz/media/scorm/295/365/text/text.htm#%D0%B06

...