0 дауыс
2.8k көрілді
мухдыктар неше топка болинеди

1 жауап

0 дауыс

Мұздық, мұзарт – Жер бетіндегі мұздардың табиғи жиынтығы. Мұздықтар қатты атмосфералық жауын-шашынның жыл бойы түскен жалпы мөлшерінің, оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жерінде, әдетте тау беткейлерінің қар жиегінен жоғары жатқан бөлігінде пайда болады. Ағын мұздық (тау мұздығы) және еруші жайылма мұздық (мұздық қалқандары және жамылғылары, қайраңдық мұздықтар) болып бөлінеді. Жер шарындағы бүкіл мұздықтардың көлемі 30 млн. км3-дей; олар ауданы 16,3 млн. км²-дей (құрлықтың 10,9%-ы) жерді алып жатыр. Мұздықтардың негізгі таралған аймақтары Антарктида, Гренландия, Арктикалық аралдар мен биік таулы өңірлер. Мұздың салмақ күшінің әсер етуіне байланысты мұздық тау беткейлері мен аңғарлары арқылы төмен қарай сырғып, жылжып отырады. Ол өзінің маңындағы жерлердің климатына әсерін тигізеді және өзендерді сумен толықтыруда маңызы зор. Тау мұздығы Австралиядан басқа барлық құрлықтарда кездеседі. Ең үлкен тау мұздығы Памирде (Федченко мұздығы – 71,2 км). Қазақстанның таулы өңіріндегі мұздықтардың жалпы саны – 2724, алып жатқан ауданы – 2033,3 км².

...