0 дауыс
873 көрілді
Ер адамға тұлым қалай өсіруге болады?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақтың шаш өсірудегі өзіндік қағидалары
Шашты қалай тез өсіруге болады 12-кеңес.
1. Шаштараздың қызметінен бас тартыңыз бірақ, шаштың ұштарын үш ай сайын реттеп отыруға болады.
2. Қолданатын тарағыңызды жиі ауыстырып тұрыңыз, тарақ табиғи материалдан жасалғаны дұрыс(мысалы ағаштан немесе пластмассадан) тек темір болмауы тиіс.
3. Күніне екі рет (жиірек) шаштың шатасып қалған тұстарын басыңызды еңкейтіп тарап тұрыңыз бұл бір жағынан бас терісінің қан айналымын жақсартатын массаж болады.
4. Шашыңызды тарағанда барынша мұқият болыңыз ешқандай асығыстық танытпаңыз. Шашты тарауды шаштың ұшынан бастаңыз шатасқан тұстарын тарақпен емес қолмен дұрыстаңыз.
5. Шашыңызды жуатын сусабынды(шампунь) дұрыс таңдаңыз шашыңызға нәр беретін маскаларды қолданыңыз.
6. Шашты жақсы қалыпқа келтіру үшін кәдімгі шикі жұмыртқаны қолдансаңызда болады. Жұмыртқаның ақ уызы майлы шашқа, ал сары уызы құрғақ және көп түсетін шашқа өте көп пайдасы бар. Сіздің шашыңызға жұмыртқаның қай бөлігі дұрыс келетініне сай стаканның 1/2 бөлігіне құйып таза жәнеде суланған шашқа жағып шығу керек. Содан соң 20 минут ұстап болған соң сусабынды(шампунь) пайдаланып бөлме температурасындағы сумен шашыңызды жуыңыз. Бұл тәсілді айына бір рет пайдаланыңыз. Егер сіз жұмыртқаның ақ уызын пайдаланатын болсаңыз, екі апта сайын қолдансаңыз болады.
7. Шашты аптасына екі рет жууға болады бірақ одан көп болмауы тиіс. Бас терісіне ыстық су тимеуін қадағалаңыз су барынша жылы яғни бөлме температурасымен бірдей болса жеткілікті.
8. Шашты жуып болған соң ешқандай фен қолданбаңыз шаштың қалыпты жағдайда кепкені дұрыс.Шаш қыстырғыштарынан да бас тартқаныңыз жөн. Болмаған жағдайда бигудиді қолдансаңыз болады бірақ жатар алдында алып тастаңыз.
9. Шашты жуып болған соң қайда шықсаңызда бас киіммен шығыңыз бұл сізді бас терісіне түсетін зиянды микробтардан сақтайды.
10. Дұрыс тамақтануда шаштың тез өсіп, әдемі болуына ғана емес жалпы өзіңізді сергек сезінуіңізге де күнделікті тағамыңыз көп әсерін тигізеді.
11. Шашыңыздың табиғи әдемілігін қалпына келтіру үшін, күнделікті тағамыңыздың құрамында мына тағамдар тобынан тұрғаны жақсы. Олар: дәнді дақылдар, бұршақты дақылдар, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, балық және тауық еті, табиғи шырынды сусындар.
12. Мүмкіндігінше тәтті, ащы, ұннан жасалған және майлы тағамдардан бас тартыңыз. Күнде жеткілікті мөлшерде таза суды ішіп тұрыңыз.

Күнделікті шаш күтімі дегеніміз тыңғылықты және ұқыпты болуды талап етеді. Егерде жоғарыда жазылған кеңестерді күнделікті әдетке айналдырсаңыз сізге шаш күтімі соншалықты ауыр жұмыс болып көрінбейтін болады.
Қазақтың дәстүрлі қоғамында ер балаға кекіл, шаш қоюдың, қыз баланың шашын өсірудің өзіндік қағидалары қалыптасқан. Тек кеңестік дәуірде айдар қою, тұлым өсіру тәрізді әдет-ғұрыптар жоғалып кетті. Құдайға шүкір, қазір ол қайтадан өмірге келе бастады.
Біздің ата-бабаларымыз: «Айдарлы бала –айбарлы бала», – деп айтып кеткен-ді. Ойлап отырсаң, бұл сөзде үлкен маңыз-мағына бар. Әжелеріміздің түсіндіруінше, айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайды. (1-сурет) Сол себепті ата-анасы бауыр еті – баласы бір жасқа толғанында оның қарын шашын алып, төбесінде бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіреді де, оған көзі бар маржан, қаратас тағып, өріп тастайды. Және де айдар қойған баласына арнап мал сойып, үлкендердің батасын алады. Сол елдегі атақты адамдардың орнына баласын аунатып, «баламыз осы атасындай елге сыйлы болып өссін», –деп Жаратқан Иемізге жалбарынады.Айдарға байланысты әр түрлі пікірлер бар. Солардың бірінде «Қазақтарәбден зарығып көрген ұлына ғана айдар қойған. Хандар, үлкен шонжарлар өздерінің орнын басатын, ең жақсы көретін баласына ғана айдар қойып, одан үлкен үміт күткен», – деп айтылады. Тек талас туғызбайтын бір ақиқат: айдар қойған бала он екі жасқа толып, өзінің алғашқы мүшеліне аяқ басқанында айдарын алып, оны мүшел жасының құрбандығы ретінде жиналған жұртқа көрсетіп, мал сойған, қонақасында дуалы ауыз ақсақалдардан бата алған. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген де адам аты бар. «Қобыланды батыр» жырында айтылмайды ма: «Тұлымдыны тұл қылды, Айдарлысын құл қылды», – деп.
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Ұлттық дәстүрдің біразының бүгінде ұмыт болып бара жатқаны рас. Ал, кейбірі керісінше, заман ағымына сай жаңарып, тіпті сәнге айналып, жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Халқымыздың сондай ұмытылмай келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бірі – шаш қою үлгісі. Ерте кезде қазақтың көшпелі қоғамында адам шашы ерекше қастерленгендіктен, ер балаға шаш қоюдың да, қыз баланың шашын өсірудің де өзіндік қағидалары болған. Сол ғұрыптық мәдениетіміз кеңестік дәуір саясатының астында көміліп жатып, қазақтың бүгінгі жаңа қоғамында балалардың бойында өзіндік жарасымын тауып, тіптен сәнге айналып келе жатыр десек, артық айтқандық емес. «Айдарлы бала айбарлы бала» деген нақылды ту еткен кейбір ата-әжелер немерелерін қырқынан шығарысымен төбесіне айдар, маңдайына кекіл, желкесінен тұлым қалдырып, ерекше сән үлгісін жасап жатады. Айдар мен тұлым жас өскінді тіл мен көзден сақтаса, кекіл сүйкіміне сүйкім қосады. Енді бір ырымдарда, жалғыз баланың «соңынан іні-қарындастары ілессін»- деген мақсатпен ұлдарының желкесінен тұлым қалдырады делінеді.
Айдар шашы бар балаға жасайтын тағы бір шаш үлгісі – төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Мәселен, Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы ас берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.

Қазақтың бір халық өлеңінде:

«Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,

Көгілдірі аққудың секілдім-ай», –

деп жырланатынын кім білмейді. Балаға кекіл қойған да өте жарасымды. Ол үшін баланың шашын ұстарамен тақырлап тұрып алады да маңдайына таяу жерде бір шөкім шаш қалдырып, кекіл қояды. Кекілді бала өте сүйкімді болып көрінеді. Қариялар бала кекілінде ата-анасының мейірімі менсүйіспеншілігі, арман-тілегі, ақ батасы тұнып тұр дейді. Сәбидің кекіліне періште ұялайды деп сенеді. Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір кекіл, айдар қойған балаларды жиі көретін болдық. Негізінен, кекіл жылқыда да болады.Мысалы, халық өлеңінде: «Кекілін кескен кер атым-ай, Титтейден өскен бекзатым-ай»,–деген сөздер бар.( 2 сурет)

Қыз бала бір жасқа толғаннан кейін оның да қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдырып, оны өсіреді. Ол – «тұлым шаш», «тұлымшақ» деп аталады. Тұлымды «көз тимесін, қызымыз көрікті болып өссін», – деп қояды. Қыз балаға тұлым қойғаннан кейін шашын алмай, шашы жетіліп өскенінде 3-сурет

тұлымын соған қосып өріп, әсемдейді. Тұлым, тұлымшақ қыз баланың көркіне көрік қосып, оны сұлуландырып жібереді. Тұлымды қыз бала өте сүйкімді болып келеді.(3-сурет)

Бұрым – сұлулықтың сәні. Әйелдердің өрілген ұзын шашын бұрым деп атайды. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы бойынша бұрым – сұлулықтың сәні, қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы. Осыған орай қыздардың жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, оны ұзын етіп өсіруге түрлі шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған. Бұрым – жалғыз өрім, қос өрім болып бөлінеді. Қазақ халқы қыздың шашын қырқып кеспеген, керісінше, оны бойжеткеннің тобығына дейін жеткізе өсіруге айрықша мән берген. Ал енді бұрым шаштың қоюлығы мен сұйықтығына қарай үлкен бұрым, кіші бұрым болып есептеледі. Жуан бұрымды жеңді білектей деп, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп дәріптеу – қазақтардың ежелгі салты. Қыз баланың бұрымын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, тәтесі, әжесі, құрбылары көмектескен. Қазақта Қос-бұрым деген де қыздың аты бар.(4-сурет)

0 дауыс
Ерте заманда тұлым сүндетке отырмаған балаға өсірілетін шаш деп естігенім бар еді))

Қалай өсіріледі? Ол ерте заманwink

Шаштаразға айтсаңыз тұлымға деген шашты қалдырып қояды ғой.
...