0 дауыс
639 көрілді
Қыздар секторының негізгі міндеті қандай

1 жауап

0 дауыс

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің әйелдер-қыздар секторы қарқынды жұмыс істеуде.

Атап айтар болсақ, қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студент жастармен кездесулер ұйымдастырып, жат ағымның алдын алудағы маңызды мәселелерді, Исламдағы қыз баланың тәрбиесі төңірегінде насихаттар жүргізді.

Сондай-ақ, студент жастармен  Елбасы Жолдауына тоқталып, жолдауда жүктелген міндеттер жөнінде  өзара пікірлесті.

Әйелдер-қыздар секторының Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Файзуллина Марал ұстаздың бастамасымен қаладағы барлық мешіт ұстаздары бірігіп, қайырымдылық шараларын жүйелі жүргізіп келеді.

Осының бір айғағы ретінде – көктем мерекесі қарсаңындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға жасалған қайырымдылық шарасын атап өтуге болады.

Облыстағы әйелдер-қыздар секторының жұмысы жүйеге қойылып, бекітілген жоспарға сәйкес шаралар ұйымдастырылып, көпшілік ризашылығына бөленуде.

Толығырақ: https://www.muftyat.kz/kk/news/country/2017-03-10/9689-ielder-kyzdar-sektorynyn-atkargan-zhumystary/

...