+5 дауыс
13.0k көрілді
Адамдардын өмірге не үшін келеді ? ұлы іс жасау үшін бе? әлде.....басқадай себебі бар ма?

8 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, адамдар әлемі жұмбаққа толы. Бірімізге керемет болып көрінген жәйт екіншімізге ұнамауы мүмкін. Немесе керісінше ойланып, пікір білдіріп қаламыз. Сондықтан да сіз бен біз осы тұрғыда тағы бір толғанып көрейікші.
1.— Адам дүниеге не үшін келеді?
—Өзін қоршаған ортаны білуге талпынады. Болашағына бағыт-бағдар жасайды. Артыма ұрпақ қалдырсам дейді. Адам мынау жарық ғаламға өмір сүру үшін, өзін тану үшін келеді.
2. — Ғұмырлық, мұратың не ?
— Тағдырдың салғанына көне салу емес! Азабына шыдай білу, төзу, қайраттану, жігерлену. Жақсылыққа, ізгілікке ұмтылу.
3. — Не үйренген жөн?
— Үйрену үшін қабілет қажет. Қабілетің болса — ұстаз табылады. Ал бірінші ұстазың - өз Өмірің. Тағдырыңның әрбір сәтінен ғибрат ал, тәжірибе жина. Қателігінді қайталама! Үйрену деген сол.
4 — Не қымбат ?
— Ата-анаң, перзентің, аға-бауырың, досың қымбат. Өзіңді сыйлаған, түсінген, көңіліне жақын жан қымбат. Бәрінен де өмірде адами еркіндік қымбат.
5.— Адамға не керек?
—Адамға денсаулық биік мақсат үшін оған жетем деген ізденіс керек.
6.— Адам адамнан не күтеді?
— Қиналған кезінде қол ұшын берсе екен дейді. Бір ауыз жылы сөз, ыстық ықылас, адамдық қарым-қатынасты, сенімді, түсінушілік пен сүйіспеншілікті күтеді.
7.—Естен не шықпауы керек?
— Адам өзінің адам екендігін және қанағат пен ынсапты, төзім мен сенімді естен шығармағаны жөн.
8.— Адам нені қуаныш тұтады?
— Өзге бір жанға көмегің тиіп, қажет екеніңді сезіне түссең, соның өзі қуаныш.
9.— Адамның артында не қалады?
— Бұл өмірдегі ісің, еңбегің және жасаған жақсылық пен жамандығың қалады.
Көңіліңізге РАХМЕТ, Айдана ! ! !
Керемет сөздер екен
Бәріненде адами еркіндік қымбат деген жолдарды катты унаттым
Өте жақсы айтылған жауап. Бірақ дүниемен ғана шектеліпті. Ахирет айтылмапты...
Ахирет айтылмаған болса, сіз айтсаңыз ахирет жайында ... Төрехан!
Адамдар не үшін келеді? Құлшылық ету үшін. Ахиреттің егінін егу үшін келеді.
кулшылык етип журсиндерма ?
+1 дауыс
Аллах тағаламыз бізді сынау үшін жебереді !
+3 дауыс
Алла тағала құранда былай дейді:  Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым.Зарият сүресі (56) аят
–1 дауыс
Ешкімде дүниеге мен қалайда барамын деп кезекке тұрып,арыз жазып келгенін көргенде,естігенде емеспін.:D
+1 дауыс
Менің ойымша әр адамның озінің бір миссиясы бар ау шамасы. Яғни жаратушымыз адамды сынау үшін жібергендігін және бұл әлемнің жалғандығын ескере отырып осындай шешімге келіп отырмын
0 дауыс
менің ойымша Алла Тағаламыз бизди сынауға жиберген. Адам өмірінде жақсылықты да жамандықты да көп істейді сөйтіп күні жетіп о дүниелік болғанда пейіште періштелер жауап алады деген (хадисте жазылған). Жамандығын көп болса тозаққа, жақсылығын көп болса жұмаққа барады екенсін! Ал нағыз өмір сонда екен. Тозақта қиналып, Жұмақта шаттанып өмір сүреді дейді. "Ол жаққа барып келіп әңгілеп айтып жатқанешким жоқ, ешкимди көргенм жоқ " десеңіз өз еріктерініз. АЛЛА жерге МҰХАММЕД пайғамбарды бізді Ислам діңін таныту үшін дұрыс жолға салу үшін жіберді аспаннан қасиетті Құран кітабын түсірді ал Мұхаммед пайғамбарымыз оны бүкіл әлемге таратты деп Хадистерде жазылған
0 дауыс
Адамдар өмірге мына жарық дүниені көруге келеді. Өніп- өсіп  игі істер істеуге, ата- анасының жұбанышы болып соларға көмектесу үшін келеді. Әрбір адам дүниеге келгенде артына бір із қалдыруы керек. Жақсы іс істеп, Осы мына адамның ісі деп мақтап айтатындай, Елге пайдасы тиетіндей.
Menim oinwa Adam balasin- Allah tagala osi omirdi korsin kozimen omir sursin dep jaratkan ,, Osi omirdi korip osi omirde jurip bakitti bolip jurgen jandar kop. Al baskalari sabi kezden koz jumgandar omirdi kormei kettedi eken. Osi omir surip jatkanimizga Min allaga wukir dep Kuannaik barimiz!!!
0 дауыс
Адам өмірге жарық дүниені көру үшін келеді
...