+4 дауыс
13.9k көрілді
Өмірге не себепті келгеніңізді бір сәт болса да ойланып көрдіңіз бе? Өмірдегі мақсатыңыз не?

11 жауап

+9 дауыс
Өмірге не себепті келдік?!
*Бала кезімізде айналамызда болып жатқан құбылыс атаулының барлығы қызық болып көрінетін. «Ай неге туады? Күн не үшін шығады? Кемпірқосақты неге қуып жете алмаймын? Жаңбыр не үшін жауады? Қардың не пайдасы бар?» деген сынды бітіп бермейтін сұрақтар мазалап, үнемі сол сұрақтардың жауабын іздеп жүретінбіз. Уақыт өте келе ақылымыз толып, мектеп қабырғасында көптеген табиғи құбылыстардың болу себептерін түсіндік. Түсінгендіктен де айға бала кездегідей тамсана қарап, жұлдыздардың бірін қолыммен ұстап көрсе ғой деген ойлар мазаламайтын болды…
Дегенмен мен қаншалықты мән бергім келмесе де мән беріп, таң қалмайын десем де таң қалатын бір жұмбақ бар бұл әлемде. Ол – адамдар. Олар жұлдыздар сияқты алыста емес, сол себепті күнделікті күйбең тірлікте адамдардың түр – түріне кез боласың. Бірақ соған қарамастан олар мен үшін шешімі жоқ жұмбақ әлем болып қала беретіндей. Олардың ойлары, іс – әрекеттері мені таңдандыра береді. Мысалы:
1. Өмірге бір-ақ рет келеміз, сол себепті бәрін көріп қалу керек, өкінбестей етіп өткізу керекпіз дейміз, бірақ сол өкінбестей етіп өткізуді ішімдік, темекі, есірткі сынды зиянды заттарды қолданумен шатастырып аламыз.
2.Адамдар мен туралы не ойласа соны ойласын, өзімнің қандай екенімді өзім білем ғой дейміз, бірақ солай дей тұра әлдекім өзіміз туралы жағымсыз пікір айтса «Жоооқ, мен ондай емеспін! Шын мәнінде...» деп қандай екенімізді дәлелдей жөнелеміз.
3.Шулы, көңілді ортада отырып та жан дүниең құлазып, өзімізді жападан жалғыз жандай сезінеміз.
4.Махаббат жоқ, сезім деген алдамшы дүние дейміз, бірақ сол «алдамшы» сезім үшін көз жасын көл қылған сәттеріміз аз болмайды өмірде.
5.Махаббат бар, болған, бола береді дейміз, бірақ сол сезімді бағалап, қадірлеп жатқанымыз шамалы.
6.Өзіміз қателік жіберген болсақ, шалыс бассақ айналамыздағы адамдардың бізге түсіністікпен, кешіріммен қарағанын қалаймыз, бірақ алдекімдердің қателіктеріне «Мен оның орнында болсам олай етпес едім. Сұмдық!» деп таң қала қараймыз.
7.Мінсіз адам болмайтынын білеміз, біле тұра ойдан жасап алған мінсіз адамды іштей іздеп жүреміз.
8.Басына қайғы орнаған әлдекімге өзіміз орындай алмайтын ақыл айтып, кеңес береміз.
9.Өмірімізде орын алатын сәтсіздіктерге кінәлі көбінесе өзіміз емес, досың, туысың, мемлекет, тағдыр, Құдай «кінәлі» боп шығады. (Бәлкім ақталудың бір жолы шығар, бірақ бұл өз өзін алдау ғана емес пе?)
10.Алдымызда күтіп тұрған сан асуларды көзге ілмей, өткен күннің елесімен, алдымызға емес, артымызға қарап жүріп кетеміз кей кездері.
11.Тірі кезде жақтырмаған адамды өлген кезде жақсы қасиеттерін айтып, мақтай жөнелеміз. Бұл жақсы қасиет пе, алде жасандылық па?
12.Әттең… өмірге қайта келсем ғой, бұл қателіктің орын алуына жол бермес едім дейміз, бірақ өмірге неше рет қайтып келсең де қателікті қайталайтынымызды сезбейміз. Себебі адамдар қателіктен сабақ алуды үйренбеген. (Өзгенің қателігі сабақ болмау — өкініш, ал өз қателігіңнің өзіңе сабақ бола алмауы қасірет шығар.)*
Өте дұрыс айтасың! Ке-ре-мет жауап!
Әрине,рахмет)
Жаман емес!))
+1 дауыс
Мына иттірліктен қол босасын, сосын ойланармын) Қазір бітірген түгім жоқ ойланатындай)
+4 дауыс
Өмірге адам болып келдік, енді ең басты мақсат - адам болып қалу.
Өмір деген - сынақ. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырда Аллаға құлшылық етіп, өмірдің қиындығы мен қуанышын, қайғысы мен қызығын көру үшін, сол сынақтан өту үшін келдік деп ойлаймын.
+1 дауыс
Ия бар ғой мақсат арман деген армансыз адам болмайды
+3 дауыс
Достар мынаны оқыңдаршы
Өмірге ұдайы оң қарау
Аурухананың бөлмесінде үш адам төсек тартып жатқан екен. Ауруханаға бірінші болып түскен адам терезенің қасына жатқызылып, екінші болып түскен - ортаға, соңғысы болса - есік жаққа жатқызылатын болған. Ортада жатқан кісі оптимист болғаны үшін ұдайы бөлмедегі басқа науқастардың көңіл күйін көтергісі келіп қызықты әңгіме мен әзілдерді айтатын еді. Бір күні терезе жақтағы науқас қайтыс болады. Оның орнына оптимист кісі жатқызылып, бөлмелеріне қосымша жаңа адам жатқызылады. Терезе жаққа көшкен аға енді терезеден көргендерін айтатын болды. Күніге жаңа нәрсе көріп, басқа науқастармен бөлісетін. Жол үстіндегі бақшаны, үлкен шынар ағаштарды, жұмысқа асығып кетіп бара жатқан адамдарды, құстардың сайрауын, бүлдіршіндердің атыспақтары мен қарсы жоталардағы гүлдердің әсемділігін көркемдеп әңгімелейтін. Төсек тартып жатқан басқа науқастар әңгімелерін тындап, достары көрген нәрселерді көз алдында елестетуге тырысатын. Көп ұзамай оптимист ағаның әңгімелері арқасында аурухана бөлмесіндегі аурулардың көңіл күйлері жаманнан жақсыға аусып, өмірі бітпейтін болып көрінген уақыт та қызықты болып зымыра бастады. Әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап, көреалмаушылықпен жатқан ортадағы науқас "терезе қасында жатқанға бірнәрсе болса да, ол жаққа мен жатқызылсам.." деп ойлай бастайды. Күні-түні қалай да болса терезе жаққа жатқызылу керегін ойластыратын болады. Оптимист ағаның инсульт кәуіпі барын біліп, түнде бар күшін салып дәрі тұрған үстелді төңкеріп тастайды. Ертеңіне оптимист науқас қайтыс болады. Оның орнына ортада жатқан науқас жатқызылады. Ол болса терезеден оптимист әңгімелеген барлық заттарды көруге сабырсыздықпен асығуда. Мүмкіндік түскен сәтте терезесінен сыртқа көз атты да... терезенің арғы жағында қап-қара дуалдан басқа ешнәрсе жоқ екенің көреді..
жақсы жазылыпты))))
0 дауыс
Өмірге не себепті келгеніңізді сіз білесіз бе?! Қызық екен. Мен білмеймін. Адамдардың бәрі де не себепті келгендерін білмейді деп ойлаушы едім. Өмірге неге келдім деген ой адамға қай уақытта келеді екен. 1 жаста ма, 10 жаста ма, 15-ке келгенде ме, әлде 25 келгенде ме. Мен білмеймін.Өмірге неге келдім деп ойланған емеспін. Өмірге қалай  келетінімізді бәріміз де білеміз. Құдайдың қалауы ғой. Ал келгеннен кейін сол құдайдың қалауына сай өмір сүру керек деп ойлаймын. Мені неге тудың деп әке-шешесінен сұрап жататын балаларды көрдік. Әке-шешесі туғанымен, ол баланың дүниеге келуіне құдай себепші болып тұр ғой. Сен қанша қала-қалама дүниеге келетін бала келеді. Қазір отбасын жоспарлау деген шығып жатыр ғой. Бірақ бәрі тағдырдың жазуымен, алланың қалауымен болатын дүние ғой.
Менің өмірдегі мақсатым ешкіммен ұрыспай-жұлыспай, таласпай-тартыспай, ешкімге ренжімей, ешкімді ренжітпей, ешкіммен жарыспай тыныш өмір сүру. Бірақ әрқашан бұлай бола бермейді екен. Мүмкіндігінше тырысып өмір сүріп жатырмын.
0 дауыс
АЛЛА ТАГАЛА АДАМ БАЛАСЫН ОМИРГЕ БАСЫНА ТУСКЕН КИЫНДЫКТАРДЫ АДАЛ ЖОЛМЕН ЖЕНИП ОЗ МАКСАТЫНА ЖЕТ ДЕП ЖИБЕРГЕН
0 дауыс
Мен еш ойланбағанмын
–1 дауыс
Президент болу үшін келдім, Нұреке барда мақсатым орындалмайды-ау)
0 дауыс
Шынымды айтсам білмейм ше)))))))))     (Әзіл)
0 дауыс
Аллага кулшылык ету ушин
...