Қаныққан ұйқының пайдасы
Салауатты ұйқы маңызды гормондардың, атап айтқанда синтездеуші гормонларды реттейді. Бұл гормон балалардың бойының өсуін арттыру үшін жауап береді, ал ересектерде бұлшықеттердің дамуын және майлы тіннің жиналуын реттейді. Ұйқының болмауына байланысты бұл гормонның өндірісі бұзылып, балалардың өсуі тежеліп және ересектердегі майлы тіннің жиналуы орын алады.
Салауатты ұйқы «стресс гормондары» деп аталатын стероидті гормондардың деңгейін төмендетеді. Осыған орай, ұйқысы қанғаннан кейін адамдар оң эмоционалды қатынасқа ие болады. Ұйқысы толық қанып жүретін адамдар депрессия мен үрейге бой алдырмайды.
Салауатты ұйқы ми функциясына жағымды әсер етеді - концентрацияны, есте сақтау және жаңа нәрселерді үйрену қабілетін жақсартады. Ұйқының иммундық жүйесін ынталандырады. Ғылыми зерттеулерге сәйкес, сау ұйқы бактериялар, вирустар мен рак жасушаларын өлтіруге арналған иммундық жасушалар деп аталатын табиғи киллерлік жасушалардың белсенділігін ынталандырады.
Ал түнгі ұйқының бұзылуы осы жоғарыда аталған жағдайлардың барлығына кері әсер етеді. Шаршаңқы болып жүресіз.