5В011400 — «Тарих»мамандығы бойынша білім бакалавры мынадай кәсіби қызметтерді атқара алады :
білім беру (педагогикалық): Қазақстан тарихының, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға қойылатын халықаралық-стандартты деңгейлік талаптарды ескере отырып, дүниежүзі тарихы мұғалімі;
ғылыми-зерттеу: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу, шетелдік және отандық білім берудің ғылыми жетістіктерімен, оларды қорытындылау және оқу үдерісіне қосу; педагогика, тарих және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласындағы зерттеулердің өзекті бағыттарын айқындау;
ұйымдастыру-басқару: оқу үдерісін жоспарлау, білім беру ісін ұйымдастыру, ұжымды басқару, оқушыларды уәждеу, білім беру саласындағы инновациялық жұмыстар;
әлеуметтік-педагогикалық: дүниетанымы мен ой-санасы дамыған, азаматтық ұстанымы белсенді саяси тұлға қалыптастыру;
оқу-технологиялық: ақпараттық сауаттылық; ең жаңа технологияларды(соның ішінде тарихты оқытудың мультимедиялық құралдарын)меңгеру және оқу үдерісінде қолдану.