№1. “Адамдар коронавирус инфекциясын әдейі ойлап тауып, таратып жатыр”
Вирустар уақыт өткен сайын құбылып тұрады. Омыртқалы жануардың немесе құстың ғана ағзасында кездесетін вирустар кейде өзгеріске ұшырап, адам ағзасына еніп, қауіп төндіруі мүмкін. Ғалымдар коронавирус инфекциясының жаңа түрі (COVID-19) дәл осындай жолмен пайда болды деп тұжырымдайды.
№2. “Коронавирусқа қарсы вакцина бар”
Өкінішке қарай, коронавирусқа қарсы вакцина әзірше жоқ, бірақ ғалымдар инфекцияға қарсы вакцинаны жасауға кірісіп кетті. Вакцина ойлап табу оңай шаруа емес, оны жасауға бірнеше ай қажет болуы мүмкін.
№3. “Медициналық бетперде сау адамды коронавирустан қорғайды”
Мамандар науқастарға көмек беретін кезде N95 сияқты медициналық бетперденің пайдасы бар, бірақ бетперде сау адамды коронавирустан қорғайды деп ойлау – қате түсінік. Себебі вирус сау адамның ағзасына өте майда тамшылар түрінде ауыз бен мұрын және көз арқылы енуі мүмкін. Мұндай жағдайда бетперденің пайдасы шамалы. Медициналық бетперде сау адамнан гөрі ағзасында коронавирус инфекциясы табылған адамға әлдеқайда пайдалы.
№4. “Сарымсақ коронавирустан құтқарады”
Сарымсақ – адам ағзасына пайдалы көкөніс, бірақ оның коронавирусқа қарсы қасиетін көрсететін ешқандай ғылыми дәлел жоқ. Сол себепті сарымсақ жеу коронавирустан қорғайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
№5. “Коронавирус кәрі кісілерге ғана қауіпті”
Коронавирус адамды кәрі не жас деп таңдамайды. Инфекция иммунитеті әлсіз адамның бәріне бірдей қауіпті. Сол себепті қолыңызды жиі сабынмен жууды, мұрын мен ауыз қуысыңызды таза ұстауды әдетке айналдыру керек.
№6. “Ыстық ванна коронавирус инфекциясын жояды”
Ыстық ванна сізді COVID-19 инфекциясынан құтқармайды, себебі адам денесінің қалыпты температурасы ваннадағы немесе душтағы судың температурасына қарамастан 36,5 градустан 37 градус жылыға дейін өзгереді. Керісінше, тым ыстық ванна қабылдау зиян және денені күйдіруі мүмкін. Өзіңізді инфекциядан қорғаудың ең жақсы амалы – қолды сабынмен жиі жуу.
№7. “Ультракүлгін дезинфекция шамы коронавирусты жояды”
Ультракүлгін дезинфекция шамы (ультракүлгін сәуле) жаңа коронавирусты жоя алады деген ақпарат жалған. Керісінше, ол теріні тітіркендіруі мүмкін. Сол себепті қолды немесе терінің басқа жерлерін зарарсыздандыру үшін ультракүлгін шамдарды қолдануға болмайды.
№8. “Коронавирусты жою үшін бүкіл денені алкоголь немесе хлор өнімімен емдеу керек”
Ағзаға енген вирус бүкіл денеңізге алкоголь немесе хлор бүркуден өлмейді. Мұндай заттар киімге және дененің шырышты қабықтарына (көз, ауыз) зиян. Алкоголь және хлор негізіндегі өнімдер сыртқы қабатты дезинфекциялау үшін пайдалы болуы мүмкін, бірақ оларды нұсқаулық бойынша пайдалану керек.
№9. “Коронавирустан қорғану үшін мұрынды тұзды ерітіндімен үнемі шаю қажет”
Мұрынды тұзды ерітіндімен үнемі шаю жаңа коронавирус инфекциясынан қорғайтыны жайында да ғылыми дәлел жоқ. Кейбір мәлімет бойынша мұрынды тұзды ерітіндімен үнемі шаю қарапайым суық тигізген адамның тез қалпына келуіне ғана көмектесуі мүмкін.
№10. “Электр кептіргіштер коронавирусты жояды”
Электр кептіргіштер COVID-19 вирусын жоя алмайды. Коронавирус инфекциясынан қорғану үшін қолыңызды сабынмен жуып отыруыңыз керек немесе антисептик сепкенініңіз абзал. Жуылған қолды қағаз сүлгімен немесе кептіргішпен мұқият кептіру керек.
https://baribar.kz/124924/faktchek-koronavirus-infektsiyasy-turaly-10-mif/