0 дауыс
526 көрілді
Үлкен дәрет және ауыр зат көтергенде түйін шығады. Геморрой. Әскерге бара аламынба?

1 жауап

0 дауыс

Оны білу үшін медосмотрдан өту керек. Сол жерде баруға болады ма жоқ па айтады.

Бейбіт уақытында әскери шақырудан мынадай азаматтар босатылуы мүмкін:

  • денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар.

Қазіргі уақытта соған сәйкес азаматтар әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танылуы көзделген аурулар тізімі көзделген. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша дәрігер маман мынадай белгілер бойынша азаматтардың жарамдылық санаттары туралы қорытындыны шығарады:

  • "А" – әскери қызметке жарамды;
  • "Б" – кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамды;
  • "В" – әскери қызметке шектеулі жарамды (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлеріне қатысты);
  • "Г" – әскери қызметке уақытша жарамсыз;
  • "Д" – бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
  • "Е" – әскери есептен басқа әскери қызметке жарамды емес.
  • 27 жасқа толғандар;
  • туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедек болып қалғандар;
  • басқа мемлекетте әскери  (балама) қызметті өткерген;
  • «Қазақстан Республикасчының арнайы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51 бабының 9 тармағында көзделген жағдайларды  қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында қызметті өткерген;
  • оқу туралы растау құжаттарын ұсынуда доктор ғылыми дәрежесі барлар;
  • діни бірлестіктерде тіркелген дін жолындағы адамдар

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/military_service/exemption_from_army

Ұқсас сұрақтар

...