Халықтық емдеу | 2.1k қаралды
2.1k қаралды
жамбасым анда-санда ишке карай тартады, улкен дареттен кейн аздап кан билинеди. енди басталып келе жаткан сиякты.

1 жауап

ЕМДЕУ 

1. Консервативті ем (асқыну кезінде жүргізілу керек) 

-Арнайы диета(арақ-шарапқа тыйым салу, ащы, қуырылған және майлы тағамдарды шектеу), 

-Жергілікті ыстық (жылы суда ерітілген антисептиктермен ванна жасау) 

-Гемостатикалық қабынуға қарсы және анальгезиялық әсері бар майлар мен суппозитарлар(анастезол, бетиол, проктозон,неоанузол,релиф,негипан) 

-жалпы антибактериалдық, анестезиялық және седативті дәрілер қолдану жатады. Наркотикалық заттарды қолдануға болмайды. 

2.Оперативті ем 

-Аурудың клиникасы айқын болған жағдайларда, яғни түйіндер жиі қабынғанда, қарқынды және қатты қанағанда, түйіндер түскенде және қысылғанда қолдануы тиіс. Операрацияның мағынасы тік ішектің қуысты денелерін алып тастауда болып табылады. Ең тиімді операциялар қатарына Паркс Миллиган-Морган және оның модификациялары жатады 

-Миллиган бойынша

-Морган бойынша геморрой түйінінен төмендеу тік ішектің шырышты қабаты тілінеді. Түйіннің қан тамырлардан тұратын аяқшасына лигатура салынып түйін кесіп алынады. Пайда болған жараға ұзыннан біріншілік тігіс салынады.Осылайша 3,7 және 11 сағаттарда орналасқан тік ішектің қуысты денелері алма кезек алынып тасталады. Геморрой түйіндерін И.А. Ташев тәсілімен емдеу патогендік тұрғыдан дұрыс операция деуге болады. Геморрой түйінінің аяқшасын айналдыра шырышты және шырыш асты қабаттары тілініп, 1см көлемінде айналдыра демукозация жасалады. Түйін аяқшасына лигатура салынып, кесіп алынған соң пайда болған жара көлденең бағытта тігіледі.Бұл тәсіл әдетте қолданылатын операцияларға тән асқынулардан қалыс болуымен қатар бір мезетте артқы тесікті айнала орналасқан барлық геморрой түйіндерін алып тастауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ науқастың қосалқы ауруларының ауырлығына байланысты операциялық қауіптілік дәрежесі жоғары болған жағдайларда түйіндерді латекс немесе резина сақиналарымен қысады. Хирургиялық еммен салыстырғанда бұл 3 тәсіл де радикалдық емес, және көп науқастарда жиі рецидив береді.Портальды гипертензияның ауыр түрімен немесе гипертониялық аурудың 3 сатысымен ауыратын науқастарға операция жасауға болмайды.

http://kazmedic.kz/

118,353 сұрақ
305,187 жауап
153,293 пікір
67,536 қолданушы