0 дауыс
1.7k көрілді
Біржан мен Сара айтысындағы Біржан бейнесі шығарма жоспарымен?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

"Біржан мен Сара" айтысы -құрылысы жағынан алсақ та, көркемдік тұсынан асақ та, қазақ ақындары айтысындағы үздігі болып табылады.

Екеуі де - көпшілікке танымал, тарихта қалдырған ізі бар адамдар. Айтыста қос ақын да адамдық және ақындық қырынан көрінеді. Екі ақын да - үздік, өнер саңлақтары. Олар өзінің ғана емес, бірінің-бірі өнерін бағалайды, құрметтейді, сүйсінеді. Айтыс басталғаннан-ақ іркіліп қалмай, екеуі де ірілігін, жүйріктігін байқатады. Сара ақын ақындық өнеріндегі дес бермес жүйріктігін түрлі көркемдік тәсілдер арқылы шебер көрсетеді. "Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын", "Найманда түлеп ұшқан ақиықпын, Сөйлесе май тамызған бұлбұл тілім" деген жолдар ақын қыздың дүлдүл дарынын, асқақтығын дәлелдейді.

Айтыстан саңлақ Сараның басындағы қиындыққа Біржан салдың қатты толғанып, қамыққаны байқалады. Ал Сара Тастанбекқызы Біржан салды аға ретінде қадір тұтып, ақындығын, әншілігін, өнерін, адамдығын аса құрметтейді, жоғары баға береді.

Дарынды қос ақынның айтыстағы шешен сөздері, мәнді сөздері көркемдік тұрғыдан әліге дейін үлгі болып келеді. Ондағы сөздер тұнықтығы, анықтығы, нақтылығы жағынан, көркемдік, сұлулық тұрғысынан қазақ халқының поэзия өнерінің төрінен ойып орын алады.

Сара өз заманында өзгелерден көш ілгері тұрған, жүйрік ақын, өнерлі адам болған еді.

Тек Біржан салмен емес, басқа да ақындармен айтысқа түсіп, озық ойлы өнер иесі екенін дәлелдеп, қатарынан озып, жеңіп отырған.

Бірақ Біржан сал ақынның осал тұсына, жанды жеріне біз сұққандай болады. Біржан сал Сараға тең қылған Жиенқұлды өткір сөздермен сынап-мінейді. Осынысымен-ақ адам басын малға сатқан опасыз адамдарға ашынып, наразы көзқарасын танытады. Ақын Сара да қалыс қалмай, өз басына түскен халді ғана емес, күллі қазақ қызының басындағы қиындықты ашып айтып, іштегі шерін шығарады. Айтысқанда өткір тілді, дарынды Біржан салдан кем түспеген Сара дәл осы Жиенқұл мәселесі көтерілген тұста сөзден жаңылып, мүдіргенінен қыз ішінде жатқан мұң-шерді байқауға болады. Айтыстағы әдетті дәстүр бойынша ақын қыз көпшілік алдында сөзден ұтылғанын мойындайды.

Айтыста көптеген Орта жүздің игі жақсыларының есімдері аталады.

Біржан сал қазақтың дана ақыны хакім Абай туралы жырлап, даралығы мен даналығын тілге тиек етеді. Қазақтың бас ақынының ел алдындағы беделін, әділдігін, адалдығын, жұртының аса құрметтеп, қадірлейтінін сөзіне қосады. Абайдың өз заманы үшін озық білімін ғана емес, кедей-жарлының сөзін сөйлеп, халқына қорғаушы бола білген ерекше қасиетін мақтан етеді.

"Біржан мен Сара" айтысы өз құнын жоғалтпай, ел тарихында, әдебиетінде ұзағынан сақталып қалып, көпке үлгі бола бермек.

...