0 дауыс
31.8k көрілді
Тусимде синилим екеумиз уиктаик десек тосегимиз курттап кетипти ол нени билдирет?

Кеше тагы тус кордим бул жолы синилимнин басы курттап кетипти дим жорып бериниздерш?

2 жауап

0 дауыс

Құрт түсте болса. Түсінде құрттар болса.

Ақ түсті құртты көру – жақсылыққа емес. Бұл түс өміріңізде талай өкінішті және қапалы күндердің болатынын білдіреді. Әдетте, ол ауруды меңзегендіктен, өз денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз жөн. Бәлкім, сіз ойламаған дертке шалдыққан шығарсыз, сол сіздің жаныңызды жегідей жейді.

  • Ақ құрт жұмыстағы келеңсіздіктер мен кедергілерді де білдіреді, оны айналып өтуге болмайды. Және ол сізге қарсы бағытталған зұлым күштің барын аңғартады. Өз жоспарларыңызбен ешкіммен бөліспеңіз.

Құрт неге түске кіреді? Бұндай түсті көру – кішігірім келеңсіздіктердің белгісі. Сізге қарсы бағытталған арам істерден көңіліңіз түседі, бірақ олар сізге еш жамандық істей алмайды. Сізге қарай құрттардың жорғалағанын көру – қаржымен байланысты. Дәл қазір сіз үшін материалды құндылықтар бірінші орында, ал рухани құндылықтарды артқы жаққа ысырып тастағынсыз. Егер де, бұл құрттарды өз үстіңізден түсіре алсаңыз, материалды өмірде өзіңіздің «Меніңізді» жоғалтпайсыз.

загрузка...

  • Құртты балық аулау үшін қолдансаңыз, бұл түс жақсы мәнге ие. Сіз тапқырлығыңыздың арқасында өз қателеріңізден үйреніп, одан пайда шығаруға үйренесіз.

Құрт неге түске кіреді? Түстің мәнін ашайық. Құрт (жорғалаушы) – жауын құрттары – саяхатқа, жеңіл сапарға және оңтайлы іске. Тамақтағы құрт – біреу сізге қызғаныштан тұзақ құрып жүр, ол сізді және жұмысыңызды сынауда. Жердегі құрт құнарлы жылды, мол астықты, малдың көбеюін, бай жылды білдіреді.

құрт тусінде түс жору

Эротикалық түс жору бойынша. Құрт түсте болса

Құрттар неге түске кіреді. Бұл түсті көрген әйелдің ухажерлары көп болады, солардың арасынан біреуін таңдай алмай дел-сал күйге енеді. Тағы бір мағынасы бар – болашақта балалы болуға мүмкіндігі ашылады. Ер адам үшін өзінің сексуалды мүмкіндіктерінде күмәнданудың қажеті жоқ екенін білдіреді.

Түстің мәні: құртты түсінде көрген адамның жолында қиындықтар кезіге бастайды. Әр жанның өмірінде сәтсіз кезең болады дейді ғой, міне, сол кезеңнің келгені. Ақ құртты түсінде көрген адамдар қаржыдан қысылып, істері мен жеке өмірінде сәтсіздіктерге ұрынады. Бірақ, бұны алдын ала білсеңіз де, ештеңе істей алмайсыз, бұдан құтылу мүмкін емес. Тек қана көнігіп, төзу ғана қалады.

Цветкова түс жору бойынша. Түсінде құрт болса

Ақ құртты түсінде көру – өте жаман белгі. Бұндай түс өмірдегі ең нашар жайттар жайында хабар беріп, тіпті өліміңізді де меңзеуі мүмкін. Әрине, бұл жерде, түсіңізде көрген басқа да нәрселер ескеріледі. Мысалға, ақ құрттың шөптің үстімен жорғалағанын көрсеңіз, жақын арада досыңыздың сатқындығына кезігесіз.

түсінде құрт түс жору

Заманауи түс жорығыш бойынша да ақ құртты көру жақсы ештеңені білдірмейді. Өміріңізде сәтсіздіктердің басталып, өкпе мен қапаланудың көбейетінін аңғартады. Ақ құрт сәтсіздіктердің ұзаққа жалғасып, күйзелістің, тоқыраудың, өкпе мен дағдарыстың сізді әлі айналшықтайтыны жайлы хабарлайды. Олармен қалай күресетініңізді алдын ала жоспарлап, дайындалыңыз. Мүмкін, кішігіріп демалыс алып, саяхатқа аттанарсыз?

А.Минделл түс жоруы бойынша құрттар нені білдіреді?

Сізді адамдар қызықтырып қояды. Құртты балық аулау үшін жинасаңыз – жауыңыздың жасаған қателігін өз мүддеңізге қолдана аласыз. Құртты өлтіргеніңізді көру – бойыңызда бар арам қасиеттерді тиып, ізгі құндылықтарға ұмтыласыз. Әйел түсінде арқасында құрттардың жорғалағанын көрсе, ақшаға қарай ұмтылады.

Психоаналитикалық түс жорулар бойынша, түсіңізде құртты көрсеңіз не болады?

Негізгі баламасы –еркектің жыныс мүшесі. Секске көз-қарасыңызға байланысты түстің мағынасы өзгереді, сонымен бірге қауіпті білдіруі де мүмкін. Құрт міндетті түрде таза болуы шарт емес. 2. Құрт немкұрайлық пен өнімсіздікті де меңзейді (өзіміздің және өзгенің). Егер, ол өзімізден үлкен болса, бар қиындық біздің толымсыз екенімізді сезінуімізде. Жер «жаңғағын» көрсек, бұл – өзгерістің белгісі. Өзімізді жаңартып, өмірімізді пайдалы, табысты ету қолымыздан келеді.

Толығырақ: https://www.tuszhoru.kz/

0 дауыс
Сіңлің екеуің құрт туралы көп әңгіме айтқан сияқтысыңдар немесе сол туралы кино,әңгіме көріп естідіңдерма .Қорқатын ештеңе жоқ,түс түлкінің боғы

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
7 жауап
Сафура Унгарбаева 5.12.2015 Қызық сұрақтар сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...