0 дауыс
908 көрілді
Салеметсіз бе? Мен 2020 жылдың сәуір айында мемлекеттік мекемеден декреттік демалысқа шықтым! Қазіргі уақытта үйде бала күтімімен отырмын! Мен бір жылдық еңбек демалысымды ала аламын ба?

1 жауап

0 дауыс

Жүктілік – бұл әйел өмірінің ең маңызды кезеңдерінің бірі. Өзің туралы ғана емес, өзіңнің келешек балаң туралы ойланатын уақыт. Материалдық әл-ауқат туралы сұрақтар туындайды: осындай ерекше жағдайда мемлекет  қандай көмек көрсетеді? Мемлекет қандай төлемдерді жүргізеді? Жүктілік пен баланы күтіп-бағуға арналған демалыс жұмыстан қандай мерзімге беріледі? Осы мақалада сіз жүктілік басталғаннан кейін  және декреттік демалысқа шыққаннан кейін туындайтын барлық мәселелерге жауап табасыз.

Еңбек Кодексінің 99 бабына сәйкес, жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі:

  1. жүктілікке және босануға байланысты демалыс.
  2. жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс.
  3. бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.

Кодекстің 99 бабына сәйкес, жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы 126 күнтізбелік күнді құрайды (босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56). Қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70 күнді демалыс беріледі. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.

Жүктілікке және босануға байланысты демалыстан басқа, қалауынша бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Кодекстің 99 бабына сәйкес, осындай демалысты баланың анасы немесе әкесі ала алады, ал бала ата-ананың қамқорлығынсыз қалған болса, жақын туысына, яғни баланы іс жүзінде тәрбиелейтін адамға беріледі.

Бала күтімі бойынша  демалыс уақытында жұмыстан айрылып қаламын деп уайымдамауға болады. ҚР Еңбек Кодексінің 59-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмысшы әйелді жүктілік және босану бойынша демалысқа байланысты жұмыстан шығара алмайды. Бұдан басқа 104-бапқа сәйкес, бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыт еңбек өтілі ретінде есептеледі және кезекті төленетін демалыс ретінде есептеуге мүмкіндік береді.

Баланың күтіміне байланысты демалыс кезінде жұмыстан айрылам деп уайымдамаңыз. ҚР Кодексінің 54 бабына сәйкес, жұмыс беруші сізді жүктілік және бала күтімі бойынша демалысқа байланысты  жұмыстан шығара алмайды. Бұдан басқа, 87 бабына сәйкес, жүктілікке, босануына және бала күтіміне байланысты демалыс уақыты еңбек өтіліне есептеледі, ал жүктілікке және босануға байланысты демалысты тіпті кезекті төленетін демалыс ретінде есептеуге үміттенуге  мүмкіндік береді.

Егер сіз декреттік демалыстан бір жылдан бұрын шығуды шешсеңіз – төлем үшін күдіктенбеуге болады, жұмысқа шығуыңыз төлемдерді тоқтату үшін себеп болмайды. Декреттік демалыстан қалай шығуға болатыны туралы сіз «Декреттік демалыстан шығу» атты пайдалы ақпараттан біле аласыз.

...